Шомылу маусымына дайындық шеңберінде Департамент 9 ресми шомылу орындарын аралап, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге бастамашылық етті. Қорытындысы бойынша бірқатар ескертулер анықталды (балалар аймағының қоршауларының, көрнекі плакаттардың, тексеру актілерінің және т.б. болмауы), олар шомылу маусымы басталғанға дейін жойылды.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен 24 жасақ – құтқарушы оқытылды және дайындалды. Арқалық қ., Әулиекөл, Амангелді, Жангелдин, Денисов, Қамысты, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Б.Майлин, Федоров, Ұзынкөл жасақ құтқарушысын қайта даярлау немесе даярлау бойынша бірде-бір адам жіберілмегенін атап өту қажет.
Шомылу маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде Департамент қызметкерлері кең ауқымды үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізді:
Анықтама: 12 брифинг, 170 теледидар, 727 радиода, 15 бейнеролик таратылды, баспа басылымдарында 136 мақала мен ескерту жарияланды.
Сонымен қатар, облыстың ПД ЖПҚ бірлесе, екі мыңнан астам профилактикалық рейд (2 368) жүргізілді, жалпы сомасы 783 470 теңгеге 178 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықтама: қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 101 адам (440 – бап), ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 77 адам – тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін (364-бап) тартылды.
Өткізілген іс-шаралар кешеніне қарамастан облыста 21 адам қаза тапты, өткен жылмен салыстырғанда өсім 5% немесе 1 адамға шаққанда құрады.
Су айдындарында қаза болғандардың ең көп саны Федоров - 4, Қарабалық, Меңдіқара, Б.Майлин ауданында, Қостанай қ. және Арқалық қ. – 2 адамнан тіркелді.
Анықтама: (Әулиекөл-1, Арқалық -2, Жітіқара -1, Қостанай қ.-2, Қостанай -1, Қарабалық -2, Қарасу -1, Меңдіқара-2, Б.Майлин ауданы-2, Науырзым-1, Рудный қ.-1, Сарыкөл -1, Федоров -4).
Адамдардың қаза болуы кезінде аудандарда халықтың көзбен көруі үшін баннерлер мен ақпараттық стенділер орнату бойынша көңіл бөлінбейді.
Мысалы: Меңдіқара және Науырзым аудандарында баннерлер орнатылмаған, ал Қарабалық, Сарыкөл және Федоров аудандарында бір-бірден.
Барлық қаза болғандар жабдықталмаған шомылу орындарында шомылғанын атап өту қажет.
Шомылу маусымын қорытындылай келе, қаралып отырған мәселе бойынша бірқатар проблемалар бар екенін атап өтеміз: - бұл шомылуға арналған ресми жабдықталған орындардың жеткіліксіздігі, үгіт – профилактикалық өнімдерді (жадынамалар, буклеттер, стендтер, баннерлер, тыйым салатын белгілер) сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Шомылуға тыйым салынған су айдындарының тізімін анықтайтын нормативтік актінің болмауы.
«2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық туралы»
Облыстың автожолдарында жыл сайын автотасымалдауда қиындық туғызатын 269 қар басатын учаске бар, мұндай учаскелердің жалпы ұзындығы шамамен 740 км (739,3).
Анықтама:
Республикалық маңызы бар - 240,3 км, 116 учаске;
Облыстық маңызы бар - 499 км, 153 учаске.
Қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ жедел ден қою және жою мақсатында Қостанай облысында саны екі мыңға жуық адам (1909) және алты жүз техника бірлігі (626) бар күштер мен құралдар тобы құрылды.
|
Анықтама: - ТЖД – 130 адам, 19 бірлік техника; - ӨС және АҚЖҚ – 108 адам, 39 бірлік техника; - АМО – 18 адам, 3 бірлік техника; - ПД – 162 адам, 7 бірлік техника; - 6697 ә/б – 60 адам, 5 бірлік техника; - жергілікті атқарушы органдардан, АҚ қызметтері мен ұйымдардан - 1431 адам және 553 бірлік техника; |
Жол ұйымдарының ақпараты бойынша Республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс істеу үшін 77 бірлік техника дайындалды, олардың 73% бүгінгі күні пайдалануға дайын (77-ның 21-нен 56-сы жөндеуде).
768 текше метр құм және 198 тонна тұз дайындалды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда (барлығы 2279 текше метр құм және 768 тонна тұз дайындау жоспарланған).
Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар жолдарды тазарту бойынша мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін республикалық (13) және облыстық (10) маңызы бар автожолдарда 23 жылыту пункті жұмыс істейді, облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен қосымша 215 жылыту пункті дайындалды.
Сондай-ақ, Департамент мақсаты бойынша міндеттерді орындауға күштер мен құралдарды дайындауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін өткізеді.
Бұдан басқа, облыстың автомобиль жолдарының қар басып қалатын учаскелерін, қолда бар күштер мен құралдар топтамасын, жылытуды және т.б. тарта отыра, қысқы кезеңдегі ТЖ бейімділіктің облыстық картасы әзірленді.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің жалпы дайындығын тексеру «Қыс-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында жоспарлануда.