Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінің нәтижелері туралы

Тиімді алдын алу жұмыстары мақсатында өрт қауіпсіздігі айлықтарын 2 кезеңде (1 кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, 2 кезең жылыту кезеңінде) өткізу туралы шешім қабылданды.
Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен (2020 жылғы 03 тамыздағы № 258) ағымдағы жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында  тұрғындарға пештерді орнату, электр құралдарын, электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге, жылдың жылы мезгілінде жою мүмкіндігі үшін халыққа бұзушылықтарды көрсетуге бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі өткізілді.
Тұрғын үйде атаулы өрт-алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты мүгедектер, зейнеткерлік жастағы қарттар, жетім балалар) тізімдері жасалды, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен комиссиялық аралау кестелері бекітілді.
Айлық кезінде осындай 10 629 отбасына (оның ішінде 1880 көп балалы отбасы, 4364 аз қамтылған отбасы, 2268 халықтың аз қамтылған мобильді тобы, 2117 жетім бала) 34 617 азамат қатысты.
Аралау барысында 1016 үйде 1314 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды, сондай-ақ 296 бұзушылық сол жерде жойылды (жанғыш материалдарды жылыту құралдарының жанында сақтау, заттарды пештің үстінде кептіру және т.б.).
Анықтама: Бұзушылықтардың жоюын анықтау мақсатында 321 қайта аула аралау жүргізілді, онда 315 үйдің иелері 331 бұзушылықты жойғаны анықталды. 701 үйдің 983 бұзушылықпен пайдалануы жалғасуда. Аймақтар бойынша Қарабалық -185, Сарыкөл – 115, Федоров – 103, Алтынсарин -95, Қостанай – 46, Қамысты -45, Қарасу -43, Меңдіқара -35, Ұзынкөл -22, Жангелді -6, Денисов -3, Лисаков қаласы-2, Рудный қаласы-1.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері тұрақты түрде елді мекендерді аралау жұмыстарын жүргізді, 15 тамыздан бастап 30417 адамды қамти отырып, 13 034 ауланы аралады.
Негізгі бұзушылықтар: түтіндіктерді тазалау жүргізілмейді, жылыту пештеріндегі жарықтар және электр сымдары бұралуының өрескел бұзылуы және олардың тозуы, розеткаларды, жаңғыш негізінде орнатып пайдаланады.
Бұдан басқа, қысқы мезгілінде адамдар тұратын саяжайлардың өрт қауіпсіздік мәселесі аландатуда. Бүгінгі күні Департамент саяжай кооперативтерінің төрағаларымен бірге отбасылардың тізімі жасалды. 1201 адамнан тұратын 456 отбасы саяжай үйлерінде тұруды жоспарлап отыр. (Қостанай қ. – 291\941, Рудный қ. – 26\26, Арқалық – 4\6, Қостанай ауданы – 135\218). Саяжай аулаларын брігіп аралау 2020 жылдың 5 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Қоғамдық ұйымдар өкілдері қатарындағы еріктілерді белсен пайдаланылды. Департамент Үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдармен 32 меморандумға қол қойылды, олардың шеңберінде 64 бірлескен іс-шара өткізілді (тұрғын үй секторын аралау, түтіндіктерді тазалау және т.б.).
Анықтама: жылыту кезеңі қарсаңында 37 улы газ датчигі сатып алынды және орнатылды. (2019 жылдан бері барлығы 611 датчик орнатылған).
Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізіледі:
Мәселен, облыстық, қалалық телеарналарда және қалалар мен аудан орталықтарында орнатылған LED-экрандарда өртке қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіледі (жылыту кезеңінің басынан бері 602 демонстрация өткізілді), елді мекендерде 40 билборд пен банер орнатылды. Ірі сауда объектілерінде қоғамдық қабылдау түрінде 79 өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар өткізілді, олармен 1928 азамат қамтылды.
Әкімдік өкілдерімен және Пәтер иелерінің тұтыну кооперативі әкімшілігімен бірлесіп, 1767 адам қамтылған, тұрғындармен 50-ге тарта жиналыс ұйымдастырылып өткізілді.
Теледидарда 86, радиода 337 сөз сөйлеу өткізілді және баспасөзде 75 материал шығарылды.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ресми сайттарда 121 ақпарат орналастырылды. Адамдар көп жиналатын объектілерде орнатылған қатты дыбысты құралдар арқылы 283 сөз сөйлеу өткізілді, тұрғындарға өртке қарсы тақырыпта 50 мыңнан астам жадынама таратылды.

Халыққа ұсыныстар
Күзгі-қысқы кезеңде өрттердің алдын алу мақсатында үйде өрттің алдын алуға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік шараларын еске саламыз:
- электр сымдарын жөндеңіз, ақаулы ажыратқыштар мен розеткаларды ауыстырыңыз;
- жылыту электр құралдарын, плиталарды жарамды күйде ұстаңыз, оларды перделер мен жиһаздардан алыс орнатыңыз;
- бір розеткаға жоғары қуатты электр құрылғыларын қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;
- қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;
- жылыту пештерін уақтылы жөндеңіз, түтіндіктерді күйеден тазартыңыз;
- пеш қалауларындағы және түтін құбырындағы жарықтарды құм-саз ерітіндісімен бітеңіз;
- от жағу есігінің алдындағы еденде өлшемі 50х70 см металл табақты шегелеңіз;
- жылыту пешінің қызып кетуіне жол бермеңіз;
- ешқандай жағдайда пешті тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып ерітпеңіз;
- балаларға мұқият болыңыз, қараусыз қалдырмаңыз;
- қатаң бөлінген жерлерде темекі шегіңіз. Есіңізде болсын, төсекте темекі шегу, әсіресе мас күйінде, өрттің себебі болып табылады

Дата публикации
01 октября 2020