Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 15 тамызында облыс аумағында, жалпы республика бойынша тұрғын секторында өрт қауіпсіздік айлығы басталды. Қостанай облысы әкімінің қаулысымен барлық мекемелер мен мемлекеттік органдарға осы бағыттағы қызметті жүргізу бойынша тапсырмалар берілді. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық өткізілетін іс-шаралар бойынша талдау мен ақпарат жүргізеді.
Айлықтың мақсаты мен міндеттері – тұрғын секторындағы өрттердің санын және олардың салдарын, яғни қаза болу, жарақат алу және материалдық залалды болдырмау. Алдын ала -  осал тобы аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер тұратын жеке тұрғын үй секторын аралау, барлығы 10629 адам. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізіледі.
2020 жылдың басынан (7 ай) облыс аумағында 530 өрт тіркелді, материалдық шығын 9143,5 мың теңге құрады, 17 адам қаза болды, 9 адам жарақат алды. Тұрғын үй секторында 310 өрт болды, бұл олардың жалпы санының 58% құрайды. Өрттің негізгі себептері - отпен абайсыздығынан 301 факт, сымдардың тұйықталуынан 102, жылыту жабдықтау жүйелерін пайдалану ережелерін бұзғанынан 37, 21 қасақсана өрт тіркелді.
Бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Қаралған мәселелердің бірі - тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі.
Департамент жүргізіліп жатқан жұмыстың одан арғы нәтижелері туралы жүйелі түрде хабардар ететін болады.

Дата публикации
15 августа 2020