Қостанай облысының аумағында ауа температурасының көтерілуіне байланысты, әсіресе демалыс күндері суда демалушылар саны артып, су объектілерінде төтенше жағдайлар мен оқиғалардың туындау қаупі артады.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылар 1532 рейдтік іс-шара ұйымдастырды, оның барысында 27 623 адамға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілді, 28167 дана үгіт материалдары тапсырылды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен "суға түсуге тыйым салынады"деген 429 ескерту аншлагтары орнатылды.
Осы ыстық күндері құтқарушылардың міндеті-өңірдің су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау, ормандардың өрттен сақталуын қамтамасыз ету. Ол үшін алдын алу шаралары күшейтілді. Күн сайын құтқарушылар топтары өзендер мен көлдердің акваториялары бойынша, орман алқаптарында рейдтер мен патрульдер жүргізеді.
Құтқарушылардың, жергілікті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, еріктілердің қатысуымен су айдындарында бірлескен профилактикалық рейдтер мен патрульдер тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл іс-шаралар күзгі кезеңнің соңына дейін жалғасады.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 17 адам су апатының құрбаны болды (2019 жылы – 19 адам), оның ішінде 4 бала мен жасөспірім ( 2019 жылы – 5 бала), 3 адам құтқарылды (2019 жылы – 4 адам).
Бір апта ішінде 2 адам суға кетті (Арқалық-1, Қарасу-1 судағы жазатайым оқиға)
ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша (тыйым салынған жерге шомылу) ескерту түрінде 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (қоғамдық металарда спирттік ішімдіктер ішу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. жалпы сомасы 445 мың 100 теңгеге 57 адам жауапкершілікке тартылды.
Қостанай облысы бойынша карантин режимі қолданылуда, осыған байланысты өңірдің су айдындарында, оның ішінде ресми жағажайларда шомылуға тыйым салынады, бірақ бұл тыйым көптеген демалушыларды тоқтатпайды. Азаматтар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылады.
Есте сақтау керек: адамдардың судағы қауіпсіздігі көбіне өздеріне байланысты. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Бір апта ішінде 2 адам суға кетті (Арқалық-1, Қарасу-1 судағы жазатайым оқиға)
Арқалықта адам жабдықталмаған жерде шомылғаны үшін суға батып кетті.
Қарасу ауданында жұбайының айтуынша, ер адам шомылу кезінде суға батып кеткен. Суға тайып құлап батып кеткен.уға тайып құлап батып кеткен.уға тайып құлап батып кеткен.уға тайып құлап батып кеткен.