«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бос лауазымдарға орналасу конкурсын жариялайды

Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс «радиотелефонист»  бос лауазымдарының2 бірлігіне жарияланады:

Қостанай қаласының №6 өрт сөндіру бөлімі – 1 ед.,

Тобылқаласы Қостанай ауданының №10 өрт сөндіру бөлімі – 1 ед.,

Конкурс «диспетчер» бос лауазымына 1 бірлігіне жарияланады:

Жоспарлау және жедел басқару орталығы -1 б.

С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 153 433 теңгеден 161043 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратынолардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.

Дата публикации
13 февраля 2025