Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурс радиотелефонист бос лауазымдарына 2 бірлігіне жарияланады:
Қостанай қаласының 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде -1 бірлік, негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша бос лауазымы;
Қостанай ауданы Тобыл қаласының 10 өрт сөндіру бөлімінде - 1 бірлік, негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша бос лауазымы;
Конкурс диспетчер бос лауазымына 1 бірлігіне жарияланады:
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы-1 бірлік, негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша бос лауазымы;
С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 153 433 теңгеден 161 043 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Өрт және басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарламаларды нақты қабылдауға, беруге және тіркеуге, кезекші қарауылдарды шақыру орнына уақтылы және дұрыс жіберуге жауапты.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі-орта деңгейден төмен емес. Жасы - 35 жастан аспайды. Бойы 165 см. Кем емес, әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің болуы.