«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Қостанай қаласы)» РММ бос лауазымдарға орналасу тандау жариялайды

Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

16 бірлік бос жүргізуші-қызметкер лауазымына жарияланады:

 Рудный қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 3 бірлік,

Лисаков қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 5 бірлік,

Арқалық қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,

Денисов ауданы Денисов ауылының№8 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,

Жітіқара қаласының №12 өрт сөндіру бөлімі – 2 бірлік,

Қашар кентінің №13 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,

Қамысты ауданы Қамысты ауылының №18 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,

Ұзынкол ауданы  Ұзынкол ауылының №19 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік,

Карасу ауданы Железнодорожное ауылының №25 өрт сөндіру бекеті – 1 бірлік.

С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 153 432 теңгеден 187 522 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.

Дата публикации
15 апреля 2024