Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурс 12 бірлік бос өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымына жарияланады:
Рудный қаласының 2-МӨСБ – 2 бірлік,
Жітіқара қаласының 12-ӨСБ – 2 бірлік,
Қашар кентінің 13-ӨСБ – 1 бірлік,
Қостанай қаласының 5-ӨСБ – 1 бірлік,
Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылының 16-ӨСБ – 2 бірлік,
Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің 17-ӨСП – 1 бірлік,
Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылының 19-ӨСБ – 1 бірлік,
Қарасу ауданының Железнодорожный ауылы 25 ӨСП – 2 бірлік.