«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бос аттестатталған лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
Орташа басшы құрам-2 бірлік:
1) Жітіқара ауданының төтенше жағдайлар бөлімі-1 бірлік;
2) Б. Майлин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі-1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары-өрт қауіпсіздігі, өрт сөндіру және авариялық мамандықтар бойынша жоғары – құтқару дело, төтенше жағдайларды қорғау, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникация, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, механика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, құқықтану, құқық қорғау қызметі, мұнай-газ дело, Автоматтандыру және басқару, стандарттау, сертификаттау және метрология, логистика (салалар бойынша), техникалық физика, Көлік құрылысы, көлік, көлік техникасы және технологиялары, әскери іс және қауіпсіздік, сот сараптамасы, техносфералық қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жасы 35 жастан аспайды, ерлер құрамы үшін кемінде 165 см, әйелдер құрамы үшін кемінде 160 см, әскери қызмет өткеру немесе әскери дайындалған резервті даярлау жөніндегі Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлау, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру.
Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
Жоғарыда көрсетілген лауазымдардың лауазымдық жалақысы – 180155 теңгені құрайды.
Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:
Құжаттар хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Қостанай қ. Баймағамбетов к-сі, 150, Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасына №508 кабинет, анықтама телефоны: 8(7142) 50-32-32, e-mail: ok_dchs_kost@emer.kz
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.