Хабарландыру мәтіні
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 «А», анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz, бос аттестатталған лауазымдар туралы хабарлайды.
Кіші басшы құрам – 30 бірлік:
Еңбек атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 148 672 теңгеден 167 418 теңгеге дейін + арнаулы атағы үшін қосымша ақы белгіленеді.
Функционалдық міндеттері: өртті сөндіруге қатысу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайды жою.
Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі - ортадан төмен емес, жасы 35-тен жоғары емес, бойы 165 см-ден кем емес, Қарулы Күштерде қызмет ету міндетті.
Құжаттар хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 «А», «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі, №222 кабинет, анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Жұмысқа орналасуға қатысу шығындарын (алғашқы арнайы дайындық орына келу Көкшетау қ.) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жұмысқа орналасуға қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурс өткізетін АҚО кадр қызметіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде өздері қолма-қол тәртіпте келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша лауазымға орналасудағы іріктеуге қатысу үшін өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 шілдедегі №352 «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ жоғары және жоғары білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, 1-қосымшаға сәйкес білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар, (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылады» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) (нотариалды куәландырылған);
4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
ЕСКЕРТЕМІЗ!!! Азаматтық қорғау органдарына қызмет өткеруге байланысты шектеулер бар
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН:
Құқылы емес: