Радиотелефоншылардың бос лауазымдарына орналасуға іріктеу

Хабарландыру мәтіні

 

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 «А», анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz, бос аттестатталған лауазымдар туралы хабарлайды.   

 

Кіші басшы құрам – 1 бірлік:

  1. Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері - 1 бірлік:
  • Қостанай қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік; уақытша бос радиотелефоншы лауазымы (бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне); жалақысы 119 мың теңге.
  • Қостанай қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік; уақытша бос радиотелефоншы лауазымы (бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне); жалақысы 119 мың теңге.
  • Қостанай ауданы Затобол кентінің № 10 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік; бос радиотелефоншы лауазымы; жалақысы 119 мың теңге.

 

Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі - ортадан төмен емес, жасы 35-тен жоғары емес, бойы 165 см-ден кем емес, Қарулы Күштерде қызмет ету міндетті.

 

Құжаттар хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 «А», «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі, №222 кабинет, анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Жұмысқа орналасуға қатысу шығындарын (алғашқы арнайы дайындық орына келу Көкшетау қ.) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жұмысқа орналасуға қатысуға тілек білдірген азаматтар конкурс өткізетін АҚО кадр қызметіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде өздері қолма-қол тәртіпте келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша лауазымға орналасудағы іріктеуге қатысу үшін өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 19 шілдедегі №352 «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ жоғары және жоғары білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, 1-қосымшаға сәйкес білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткенін растайтын құжаттар, (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білімі туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылады» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) (нотариалды куәландырылған);

4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ.


ЕСКЕРТЕМІЗ!!! Азаматтық қорғау органдарына қызмет өткеруге байланысты шектеулер бар

 

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН:

  • өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер және өзге де нысандар түріндегі кез келген сыйақыны қабылдауға;
  • басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуға;
  • жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалануға;
  • мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кіру және жоғарылату кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық) беруге;
  • шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беруге;
  • кез келген адамға заңнамада көзделмеген кәсіпкерлік және табыс алуға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға жәрдем көрсетуге;
  • жеке және заңды тұлғаларға оны беру заңнамада көзделген кідіртілген, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат берілген ақпараттан негізсіз бас тартуға;
  • жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;
  • кредиттер алуда,сотта, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті және өзге де мүлікті сатып алуда заңнамада көзделмеген артықшылықтарды пайдалануға құқылы.

 

Құқылы емес:

  • Өкілді органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерінің депутаты болуға;
  • педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға;
  • Егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес менің лауазымдық міндеттеріме кірмейтін болса, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
  • Қызметте тұрған не оған тікелей бағынатын немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
  • қызметімен материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға.
  • мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және ереуілдерді қоса алғанда, қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін қызметке қатысуға.

 

 

 

 

Радиотелефоншылардың бос лауазымдарына орналасуға іріктеу
Дата публикации
15 марта 2023