Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Құрметті облыс тұрғындары!
Сізге Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттердің алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабарлауға рұқсат етіңіз.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап, құрылған мобильді топтар (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО қатарынан 81 топ) 825 рейд жүргізді, 7 188 астам адамға нұсқау берілді.
Жүргізілген рейдтер барысында 85 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 46-і ескерту түрінде және 39 жалпы сомасы 1 млн. 87 мың 365 теңгеге ақшалай айыппұл түрінде.
Анықтама үшін:
Бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жұмыстар жүргізілуде, барлығы 703 профилактикалық материалдары орналастырылды (оның ішінде теледидар бойынша - 77, радио бойынша - 531 және баспасөзде – 95).
Тұрғындармен 269 жиын, ұжымдарда 2170 нұсқаулық, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 134 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Орман және дала өрттерін сөндіру бойынша облыстың мүдделі қызметтері мен мекемелерінің үйлесімді іс-қимылдарын пысықтау үшін 19 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг арқылы 206 термотөзек табылды, олар расталды және бастапқы кезеңде жедел сөндірілді.
Жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері жалпы ауданы 96,7 астам (39,3 га орман емес, 57,4 га орман) 22 орман өрті (2021 ж. – 55, - 2,8 р.) болды, материалдық шығын 3,344 млн теңгеден асты (2021 ж. – 18,259 млн., - 8,3 р.).
Анықтама үшін: облыс аумағында өткен өрт қауіпті маусымда 100 орман өрті (2020-60, +67) тіркелді, бұл ретте отпен өткен алаң 4 есе өсті және 111 мың гектардан астамды құрады, оның ішінде орман жабылған аумақ 3 мың гектардан астам (3 308,8 га), оның ішінде: «Алтын Дала» МТК аумағында 87 мың га (орманды емес 87 мың га), Науырзым МӨЗ – 19,3 мың га (орманды емес 18 мың га, ормаңды – 1,3 мың га), ӨСжДБ – 4,7 мың га(орманды емес 2,7 мың га, ормаңды – 2 мың га). Орман өрттерімен қатар12 дала өрттері тіркелді, мұнда да 3 есе өсу байқалады (2021 – 12 Sп= 17 114 га; 2020 – 4 Sп= 930 га)және дала жануы 2,5 есе өсті, олардың жалпы саны 970 құрады.
Айта кету керек, 22 орман өрттерінің ішінде найзағай салдарынан 8 орман өрті немесе орман өрттерінің жалпы санының 37% орын алды, қалған себептер-бұл халықтың отты абайсыз қолдануы.
Қалыптасқан ыстық ауа-райына және жауын-шашынның болмауына байланысты ағымдағы өрт қауіпті кезеніңде ашық аумақта 1,5 мың га (2021 ж. – 6,5 мың га., - 76,9%) шөптің жануының 249 жағдайы тіркелді (2021 ж. – 499 га., - 50,1%).
Анықтама үшін: 249 жанудың 39 жағдайы ТЖД күштерімен, 113 ерікті өртке қарсы құрамаларымен және 97 бірлесіп жойылды.
Шөптің ең көп жануы Қостанай ауданында – 38, Алтынсарин ауданында – 28, Ұзынкөл ауданында – 27 факті тіркелді.
Дала және орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жергілікті атқарушы органдарға заңды түрде бекітілгенін атап өтемін.
Бірақ жауапкершілік аймағының заңнамалық шектелуіне қарамастан, Департамент бөлімшелері облыс аумағындағы орманды дала өрттерін алдын алуға және жоюға белсенді қатысады. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Департаменттің күшімен барлығы 39 шөптің тұтануы жойылды, әкімшілікпен бірлесе 97 жану жойылды.
Тағы да азаматтардың назарын аударамыз! Құрғақ және ыстық ауа райының басталуымен облыста ормандарда өрт қауіптілігінің IV санабы белгіленген. Осыған байланысты, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, атап айтқанда от жақпауға, ормандарда ашық отты пайдалана отыра, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, қоқысты, құрғақ шөпті және тұрмыстық қалдықтарды жақпауға және жарамды ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға кеңес береміз.
Назарларыңызға рақмет!