Табиғи өрттердің алдын алу және жою туралы есеп

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 Құрметті облыс тұрғындары!

 Сізге Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрттерді алдын алу және жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабарлауға рұқсат етіңіз.

Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап құрылған мобильді топтар (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО қатарынан 53 топ) 753 рейд жүргізді, 5 879 астам адамға нұсқау берілді.

Жүргізілген рейдтер барысында жалпы сомасы 576 349 теңгеге 147 тұлға (21-ЗТ, 126-ЖТ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жұмыс жүргізілуде, барлығы 631 профилактикалық материал орналастырылды (оның ішінде теледидар бойынша - 81, радио бойынша - 448 және баспасөзде – 102).

Тұрғындармен 44 жиын, ұжымдарда 1679 нұсқаулық, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 42 «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып өткізілді.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Орман және дала өрттерін сөндіру бойынша облыстың мүдделі қызметтері мен мекемелерінің үйлесімді іс-қимылдарын пысықтау үшін 19 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторингпен 644 термотөзек табылды, олар растауды тапты және бастапқы кезеңде жедел сөндірілді.

Жүргізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 345 гектардан астам орман жабылған жалпы алаңда және 2209 га дала аймағында (жалпы ауданы 2554 га) 53 орман өрті орын алды, материалдық шығын 19 млн.теңгеден асты.

Айта кету керек, 53 орман өртінің найзағай салдарынан 41 орман өрті немесе орман өрттерінің жалпы санының 77% орын алды, қалған себептер-бұл халықтың отты абайсыз қолдануы, сабанды бақылаусыз жағу және т.б.

Мысалы:

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Сарыкөл ауданының «Урицкое орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында 5,6 га алаңда орман өрті орын алды. Өрттің себебі жергілікті шаруа қожалығы бірінің сабанын өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болды. Кінәлі тұлға орман қорына келтірілген залалды өтей отыра, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Шаруа қожалығы В.И. Барадюк 410-б. 1-б. бойынша ескерту түрінде, 367-б. 2-б. бойынша 65600 теңге сомасында айыппұл түрінде).

Қалыптасқан ыстық ауа-райына және жауын-шашынның болмауына байланысты ағымдағы өрт қауіпті кезеңде 5 мың гектардан астам алаңда ашық аумақта шөптің жануының 454 жағдайы тіркелді.

Шөптің ең көп жануы Б. Майлин атындағы ауданда – 72, Қостанай ауданында – 58, Жангелдин ауданында – 49 факті тіркелді.

Дала және орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жергілікті атқарушы органдарға заңды түрде бекітілгенін атап өтемін.

Бірақ жауапкершілік аймағының заңнамалық шектелуіне қарамастан, Департамент бөлімшелері облыс аумағындағы орманды дала өрттерін алдын алуға және жоюға белсенді қатысады. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Департаменттің күшімен барлығы 144 шөптің тұтануы жойылды, әкімшілікпен бірлесе 150 жану жойылды.

Тағы да азаматтардың назарын аударамыз! Құрғақ және ыстық ауа райының басталуымен облыста ормандарда өрт қауіптілігінің IV сыныбы белгіленген. Осыған байланысты, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, атап айтқанда от жақпауға, ормандарда ашық отты пайдалана отыра, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, қоқысты, құрғақ шөпті және тұрмыстық қалдықтарды жақпауға және жарамды ауыл шаруашылығы техникасын пайдалануға кеңес береміз.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи өрттердің алдын алу және жою туралы есеп
Дата публикации
15 июля 2022