«Қостанай облысының су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы» баяндамасы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қостанай облысының қонақтары мен тұрғындары.

 Бүгінгі күні облыста шомылуға арналған 25 ресми орын, оның ішінде 7 коммуналдық жағажай бар.

Шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент күн сайын Қостанай және Тобыл қалаларының шекараларындағы Тобыл өзенінің акваторияларын, Жітіқара қ. шекараларындағы Шортанды өзенін, сондай-ақ Арқалық қ. әкімшілік аумағындағы Ақжар су қоймасы бөгетін патрульдеу үшін мобильді бекеттер қояды.

Бұдан басқа мереке және демалыс күндері Қаратомар су қоймасының жағалау сызығын патрульдеу үшін қосымша бекет қойылады.

Сүңгуірлер коммуналдық жағажайлар акваторияларының түбін, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерін тексерді (4 Қостанай ауданы «Алтын гүл», Қарабалық ауданы «Достық», Денисов ауданы Солнечный, Арқалық қ. Алюминстрой ЖШС «Строитель»).

Қостанай қ. суда құтқару станциясы базасында жасақ – құтқарушыларды даярлау бойынша жұмыс жалғасуда, бүгінгі күні 25 адам оқытылды, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сонымен қатар, облыс аумағында жүргізілген рейдтермен тұрғындар дәстүрлі түрде шомылатын су айдындарында 228 жуық апаттық орын анықталды.

Осыған байланысты Департамент қызметкерлері әкімдіктермен бірлесе, тыйым салу және ескерту белгілерін орнату бойынша жұмыс жалғасуда, ағымдағы жылы 314 белгі (барлығы 790 белгі орнатылды) орнатылды.

Сонымен қатар суда жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау үшін Департамент қызметкерлері 412 рейд жүргізді (ЖПҚ және ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен бірлесе), профилактикалық материалды таратумен 11 мыңнан астам адамға нұсқау берді.

Рейдтер барысында тыйым салынған жерлерде шомылғаны және алкоголь ішімдіктерін ішкені үшін 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК- 364, 440-баптары).

Бұдан басқа, облыстың ірі акваторияларында көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлескен рейдтер жүргізіледі, оның барысында құтқару жабдығының жоқтығы, шағын көлемді кемелерді пайдалануды бұзғаны үшін 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 580, 583-баптары).

Департаментпен тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа басылымдарында (21), телеарналарда (44), радиода (172), әлеуметтік желілерде (112 жазба) кең профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Жергілікті теледидар арналарында және көшедегі лед экрандарында көрсетілетін судағы қауіпсіздік туралы 25 әлеуметтік бейнеролик дайындалды.

Жыл басынан бері облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан су айдындарында 7 адам суға батып кетті, оның ішінде 2 бала.

Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 4 адам суға батып кетті.

Анықтама:

(Балық аулау кезінде 2 адам, 1 адам жазатайым оқиға, 1 (бала) су қоймасына құлау, шомылу кезінде 1 (бала), алкогольдік мас кезінде 2).

Талдау көрсеткендей, адамдардың (балалардың) суда қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған орындарда суға шомылу, алкоголь ішімдіктерін ішу, сондай-ақ балалардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуы болып табылады.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында сағат 14:22-де Тобыл қ. болған қайғылы оқиғаға назар аударғым келеді, орталық көпір ауданында ТЖД ЖҚҚ күшімен 1987 жылы туған аз. А денесі Тобыл өз. алынды. Айта кету керек, сол күні сағат 13:50-де Департамент қызметкерлері қайғылы оқиғаға дейін марқұммен суға түсуге тыйым салу туралы брифинг өткізген болатын, соған қарамастан, ол бұған мән бермей, тыйым салынған жерге суға түсуге кеткен және өз күшін есептемей, суға батып кеткен.

(Суға батып кеткен аз. А танысы 25.05.1993 жылы туған аз. Островский Федор Вячеславовичтің түсініктемесі бойынша 2022 жылғы 15 маусымда сағат 13:30 шамасында олар алкогольдік сусындарды (4 бөтелке сыра, 1 шөлмек арақ) сатып алып, үлкен көпірдің жағасына шығып, жағажайға жеткенде, оларды Қостанай облысының ТЖД ЖҚЖ қызметкерлері қарсы алды, олар рейдтік іс-шаралар өткізді және олармен суда жүру қағидаларын сақтау бойынша жадынама табыстаумен нұсқаулық өткізді. Содан кейін олар алкоголь ішіп, азамат А суға шомылып, жоғалып кетті, ол оны іздей бастады, бірақ оны таба алмады. Содан кейін ол құтқарушыларды шақырды).

Шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда және Департаменттің ерекше бақылауында.

Судағы оқиғаларға жол бермеу мақсатында келесі қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береміз:

- қоршау (буйка) белгілерінен тыс жүзбеу, тамақтанғаннан кейін және алкогольдік мас күйде бірден шомылмау;

- бейтаныс жерлерде суға түспеу, көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден суға секірмеу;

- тек рұқсат етілген жерлерде шомылу;

- шомылу кезінде камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбау; жалған сигналдар бермеу; өтіп бара жатқан катерлерге, қайықтарға және гидроциклдерге қарай шомылмау;

- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау.

 

Баяндама аяқталды! Назарларыңызға рақмет!

«Қостанай облысының су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы» баяндамасы
Дата публикации
23 июня 2022