«Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2022 жылғы 06 маусымдағы № 3 хаттамасынан үзінді көшірме

Конкурс комиссиясы үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне, сондай-ақ біліктілік талаптарына және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сәйкестігіне бағалау жүргізілген конкурс кандидаттары ұсынған құжаттарды және әңгімелесу барысында нәтижелерін қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу құқығы:

1) «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы (мемлекеттік сатып алу), С-О-5 санаты, «Б» функционалдық блогы, 4-деңгей, 1 бірлік ұсынылсын: қымбат Темірғалиқызы Құрмашева, жалпы балы 161;

2) «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы (материалдық үстел), С-О-5 санаты, «Б» функционалдық блогы, 4-деңгей, 1 бірлік ұсынылсын: Айман Төлегенқызы Мулдашева, жалпы балы 152;

3) комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттардың болмауына байланысты «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ ақпараттық-талдау тобының бас маманы бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс өтпеді деп есептелсін және қайта жариялансын.

 

Қостанай облысы ТЖД 
Кадр саясаты басқармасының 
бастығы 
азаматтық қорғау подполковнигі                                    Ж.Т. Мырзабаев

 

 

 

Конкурстық комиссия отырысының 2022 жылғы 06 маусымдағы № 3 хаттамасынан үзінді көшірме
Дата публикации
07 июня 2022