2021 жылғы 29 желтоқсанда сағат 17:00-де Қостанай облысының ТЖД аттестаттау комиссиясының отырысы өтеді, оның барысында Қостанай облысының ТЖД қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейі, олардың құқықтық мәдениеті және азаматтармен жұмыс істеу қабілеті анықталады.
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 08 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №390 Жарлығына сәйкес аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аттестаттау комиссиясының отырысына байқаушылар тартылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.
Аттестаттау комиссиясының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтініш (үлгіге сәйкес) беру қажет.
Қостанай облысының ТЖД аттестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін өтініштер бақылаушы ретінде 2021 жылғы 29 желтоқсанға дейін қабылданады.
Байланыс телефоны: 8(7142)503232 Кадр саясаты басқармасы
Іс-шара мына мекен-жайда өтеді: Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 150