Қостанай облысы су тасқынына дайындалуда

Қостанай облысында қардың көп болуы су тасқыны қауіпін тудырмауы  үшін көктемгі су тасқынына кешенді дайындық жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Кәрімов айтып өтті.
Сөз сөйлеушінің айтуынша, су басу аймағына 95 елді мекен кіруі ықтимал. Облыс бойынша қардың орташа биіктігі нормадан 23 см-ге жоғары (норма-15 см). Қар жамылғысындағы су қоры нормадан жоғары екені анықталды, 74 мм-ді көрсетіп тұр, норма бойынша - 54 мм. Топырақтың қатуы 82-150 мм құрайды, бұл қардың қарқынды еруі кезінде өзендерге ағу көлемін арттырады.
Спикердің айтуынша, 3 наурызда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесінің жоғары әзірлік режимі енгізілді. Су басу қаупі бар елді мекендерде халық санағы, үй жануарларының тізімдемесі жүзеге асырылды, азаматтарды орналастыру және мал айдау үшін орындар дайындалды.
Күн сайын облыстың ірі су қоймаларын толтыру мониторингі жүргізіледі. Су өткізу құрылыстарын, су бұру каналдары мен арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Елді мекендерден қар шығару жалғасуда.Су тасқыны кезеңінде инертті материалдардың қажетті қоры, яғни 174 тоннадан астам ЖММ, 10 302 тонна инертті материал және 66 254 бірлік қаптар дайындалды.
Күн сайын облыс бойынша су тасқынының өтуінің ғарыштық түсірілімдеріне мониторинг жүргізіледі. 7 аудандағы су айдындарында мұзды әлсірету және су тасқынын қауіпсіз өткізу бойынша жоспарлы мұз жару жұмыстары аяқталды. Сәуірдің бірінші онкүндігінде су тасқыны жағдайына әуе барлауын өткізу жоспарланған.
Халық үшін ТЖ туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді. Аулаларды үнемі аралау барысында азаматтарға өз аулаларын қардан уақытылы тазарту туралы ескертіледі.
Су тасқыны жағдайы асқынған кезде күштер мен құралдардың облыстық топтамасы шамамен 3 мың адамды және бір мыңнан астам техниканы құрайды. Бұдан басқа, су тасқыны кезеңінде жеке құрамнан 48 адам және 12 бірлік техникасы бар, инженерлік, жоғары өтімді және су сорғыш техникамен күшейтілген екі жиынтық топ құрылды, олар неғұрлым күрделі учаскелерге жедел бағытталатын болады.
Брифингтің екінші бөлімінде Б.Кәрімов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Ақпарат
Дата публикации
01 апреля 2021