Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ағымдағы жылғы 18 ақпанда өңірлік және республикалық БАҚ журналистері үшін ауа райының нашарлауы кезінде қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг ұйымдастырды.
Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Орымбаевтың айтуынша, 18 ақпанда өңірде дауылды ескерту жарияланды. Қар мен жаңбыр, боран, тұман, көктайғақ, 25 м/с дейін желдің күшеюі жолдардағы жағдайды қиындатты. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысты шектеу туралы шешім қабылданды. 17 сағат 15 минуттағы жағдай бойынша 25 учаске, оның ішінде 20 - облыстық маңызы бар және 5 - республикалық учаске жабық күйінде қалуда.
Полиция қызметімен бірлесіп Қамысты, Жангелді, Әулиекөл және басқа аудандардағы, сондай-ақ Арқалық және Рудный қалаларындағы автожолдарда қозғалысты шектейтін 16 бекет қойылды. ТЖД мен ЖПҚ-ның 27 техникасы мен 44 қызметкері жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар халықты орналастыру үшін 27 жылыту пунктін дайындады.
Қостанай облысы ТЖД күштері мен құралдарының 16 бірлік жоғары өтімді техника мен жеке құрамның 39 адамы қосымша дайындыққа келтірілді.
Қауіпсіздік мақсатында Қостанай облысының ТЖД азаматтарға елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға, ауа-райының жағдайын бақылауға, құтқарушылардың ұсыныстарын сақтауға кеңес береді. Қажетті шұғыл көмек болған жағдайда «112» немесе «101» телефондарына қоңырау шалыңыз.
Ауа райы жағдайларына байланысты төтенше жағдайларға жедел ден қою және жол бермеу мақсатында Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.
Қостанай облысы жол полициясы бастығының орынбасары полиция подполковнигі В.Цой жүргізушілерге жауын-шашын мен аяздың салдарынан жолдарда көктайғақ болатынын, бұл ЖКО туындау қаупін арттыратынын еске салды. Сондықтан жолдарда жүру кезінде абай болу керек, төмен жылдамдықты және сақтық пен қашықтықты сақтау маңызды.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы