Қысқы кезеңде халықты төтенше жағдайлардан қорғау туралы

2021 жылғы 11 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «2020-2021 жылғы қысқы кезеңде халықты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» тақырыбында брифинг өтті. Спикер ретінде Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов сөз сөйледі.
Спикер БАҚ-қа жедел жағдай және жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару жұмыстары туралы хабарлады.
Қысқы кезеңнің басынан бастап Департамент бөлімшелері 15 рет жедел шығулар жасады, оның ішінде апаттық - құтқару жұмыстарына 3 рет, іздестіру – құтқару жұмыстарына 12 рет шықты. 7 адам құтқарылды, 4 адам эвакуацияланды, 2 құтқарылған адамдарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді, қар құрсауынан 13 бірлік техника шығарылды. Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жою үшін облыста екі мыңға жуық адам мен жеті жүз техника бірлігінен тұратын күштер мен құралдар тобы құрылды. Зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 81 төсек-орынымен 23 жылыту пункті жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдар қосымша сыйымдылығы 10 мыңнан астам адамды құрайтын 209 жылыту пунктін дайындады.
Жолдарды жабу кезінде Департамент қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 17 бекет қойды, онда жеке құрамның 18 қызметкері және 17 бірлік техника жұмылдырылды. 21 жылыту пункті ашылды, оның төртеуінде 30 адам орналастырылды (Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл және Федоров ауданы).
Б.Кәрімов сондай-ақ, халықты СМС-хабарламалар және «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы автокөлік жолдарының жабылуы туралы хабардар ету уақытылы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Департаменттің ресми парақшаларында, әлеуметтік желілерде, баспа басылымдарында және облыстық телеарналарда ауа райының нашарлауы туралы халықтың алдын алу бойынша ақпарат орналастырылады. Барлығы 59 дауылды ескерту берілді.
ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарын ауа райы болжамын қадағалауға, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден шықпауға шақырады. Төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметінің «112» немесе «101» телефонына қоңырау шалыңыз.

Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

 

Ақпарат
Дата публикации
11 февраля 2021