Өңірде жаңа жылдық мерекелер, олармен бірге демалыс күндері де төтенше оқиғаларсыз өткен жоқ. Төтенше жағдайларды талдауды брифингте Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.Орымбаев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 7 қаңтары аралығында Департамент бөлімшелері түрлі сипаттағы ТЖ жоюға 73 рет оқиға орнына шығулар жасады. Жаңа жылдың алғашқы аптасында 23 өрт сөндірілді. Сонымен қатар, сөз сөйлеуші атап өткендей, олардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға азайды.
Жыл басынан бері өртте 1 адам қаза тапты, зардап шеккендер арасында да бір азамат бар. «Мерекелік өрттердің» негізгі себептері - отты абайсыз пайдалану, электр сымдарының қысқа тұйықталуы, үй пештерінің ақаулығы және оларды пайдаланудың бұзылуы.
Сонымен қатар, өрт сөндірушілер қоқыс үйінділерінде, бос жерлерде, үй-жайлар мен шаруашылық объектілерінің, иесіз ғимараттардың аумағындағы қоқыстардың жануын 35 рет жойды. 13 рет полиция мен тұрғындарға есік ашуға көмек көрсетті. Арқалық қаласының әкімшілік аумағында 1963 жылы туылған азаматты іздеуге қатысты. Тұрғын қарда жүруге арналған көлікпен мал іздеуге шыққан. Жедел және уақтылы көмектің арқасында құтқару жұмыстары сәтті өтті, жоғалған ер адам далада табылды.
Жылдың суық мезгілінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде тұрмыстағы төтенше жағдайлардың ықтималдығы едәуір артады, деп атап өтті А.Орымбаев. Өрт қаупін азайту үшін үй пештерінің жағдайын бақылау, электр сымына уақтылы қызмет көрсету, балаларды қараусыз қалдырмау, үйде темекі шекпеу қажет.
Облыстық ведомствоның өкілі телекөрермендерге Жаңа жыл күндері автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыстың жабылғаны туралы хабарлады. Азаматтарды ауа райының нашарлауы, бұрқасын, көктайғақ туралы СМС - хабарламаларды елеусіз қалдырмауға шақырды. Қысқы жолдарда қауіпті болдырмау туралы кеңестерімен бөлісті. Егер кез-келген адам боранда қалып қойған жағдайда, оның өмірің сақтап қалу әдістері туралы еске салды.
Қоғаммен байланыс тобы Қостанай облысының ТЖД