Құрметті Виктор Николаевич!
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Өрт қауіпті кезең қарсаңында Департамент алдын ала облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен сабанды бақылаусыз өртеуге тыйым салу және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау туралы 3 дөңгелек үстел және 15 нұсқама өткізді.
Наурыз айының соңында облыстың орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мекемелерінің инженерлік құрамымен және басшыларымен орманды дала өрттерінің алдын алу және орманды дала өрттерін сөндіру кезіндегі іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шаралар бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында орман - дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 83 сөз сөйледі (оның ішінде теледидар бойынша - 15, радио бойынша – 58 және баспасөзде - 10).
Өрт сөндіру бекеттерін ұстау, атап айтқанда, жарақтандыруды нығайту, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу проблемалық мәселелердің бірі болып қала береді.
Осы уақытқа дейін қалалар мен аудандар әкімдіктерінде өрт сөндіру бекеттерін ұстау бойынша бюджеттік өтінімдерде ерекшеліктердің болмауына байланысты әкімдіктер жанынан өрт сөндіру бекеттерін құру мүмкін емес. Осыған байланысты өрт сөндіру бекеттері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің базасында құрылады.
Мұндай жағдайда базасында өрт сөндіру бекеттері құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ықпал ету тетіктері жоқ.
Мысалы, «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ «Ақтас» ЖШС базасындағы Новоильиновка ауылының өрт сөндіру бекетінде (Урал-375 базасындағы АЦ-40) өрт сөндіру техникасына жөндеу жүргізу орынсыз болғандықтан жоғарыда аталған өрт сөндіру техникасы кәдеге жаратылды. Осылайша 8 елді мекен өртке қарсы қорғаныссыз қалады (Новоильиновка Валерьяновка, Козыревка, Богородское, Мирное, Ақсуат, Притобольск, Увальное ауылдары).
АНЫҚТАМА: 1980 ж.ш., УРАЛ-375 базасындағы АЦ-40 «ТAUSTAN» ЖК 2021 жылғы 9 наурыздағы № 01/01/21 техникалық қорытындысына сәйкес қозғалтқыштың (ауыстыруды талап етеді), беріліс қорабының, электр өткізгіштің, жүріс бөлігінің, шанақтың (кабинаның), арнайы жабдықтың (су сыйымдылығының герметикалығы бұзылған) және т.б. жарамсыздығы кәдеге жаратуға негіз болды.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 11 мамырдағы ұсынымын орындау мақсатында Департамент 2021-2025 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарын әзірледі және бекітті, 13 бекет құру көзделген (2021-2, 2022-2, 2023-2, 2024-3, 2025-4).
АНЫҚТАМА: бүгінгі таңда жалпы халық саны 67 мыңнан асатын 105 елді мекенді қорғауды қамтамасыз ететін 35 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Бүгінгі күні Департамент Ұзынкөл ауданының әкімдігіне өрт сөндіру бекеттерін құру үшін өрт сөндіру қызметінің есептен шығарылған 2 өрт сөндіру автомобилін олардың теңгеріміне қабылдау бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар, ерікті өртке қарсы құрылымдарды қоғамдық бірлестік ретінде тіркеу мәселесі өткір тұр.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ақпараты бойынша 5074 адамнан тұратын 550 ерікті өртке қарсы құрылымдар бар. ЕӨҚ жарағында 880 бірлік бейімделген, 58 бірлік өрт техникасы, 136 мотопомпа, 332 аспалы өрт сөндіргіш бар.
«Азаматтық қорғау туралы» ҚРЗ 68-бабына сәйкес ерікті өртке қарсы құралым - бұл дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді алдын алу және оларды сөндіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестік.
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚРЗ сәйкес тиісті тізілімді жүргізу және заңдылық беру үшін өртке қарсы ерікті құралымдарды әділет органдарында қоғамдық бірлестік түрінде тіркеу талап етіледі.
Осыған байлансты, қала және аудан әкімдеріне қоғамдық бірлестік ретінде өртке қарсы ерікті құралымдарды тіркеу қажеттілігі туралы хат жолданды.
Ағымдағы жылы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің ерікті өртке қарсы және авариялық-құтқару құралымдары базасында қоғамдық бірлестік құру мүмкін болды.
Қалалар мен аудандарда 53 бірлескен мобильді топ құрылды (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО қатарынан), олар 26 бірлескен рейд жүргізді. Осы рейдтер барысында 340 астам адамға нұсқау берілді.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері ғана ашық аумақта (Амангелді – 2, Б.Майлин – 2, Қарабалық - 1) шөптің жануының 5 жағдайы орын алды, олар Департамент күшімен сөндірілді.
Анықтама: 2020 жылдың өрт қауіпті кезеңінде 60 орман, 4 дала өрті және 389 дала жануы орын алды (оның ішінде 37 өрт ЕӨҚ, 178 өрт ЕӨҚ және 174 өрт Департаментпен сөндірілді).
Дала өрттерін сөндіру кезінде қалалар мен аудандардың әкімдері меншік нысанына қарамастан тартылатын күштер мен құралдарды жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді қарастыруы қажет (ІІМ 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары» бұйрығына сәйкес).
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 53-тармағына сәйкес ауылдық елді мекендердің, саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің аумағында жазғы кезеңде әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр жиынтық су қоры бар сыйымдылықтар немесе өрт сөндіргіш орнатылуы, осы үшін арнайы бөлінген орында немесе жеке тұрғын үйлерде (аула құрылыстары) өрт сөндіру мотопомпаларын, жеңдер мен оқпандар жиынтығы, алғашқы өрт сөндіру құралдары, механикаландырылмаған құралдар мен өрт сөндіру мүкәммалын сатып алуды және сақтауды ұйымдастыруы қажет.
Облыстың әрбір саяжай қоғамының өз су құбыры бар. Осыған байланысты саяжай қоғамдарының төрағаларына су алу үшін кірме жолдарды өрт автомобильдерімен жабдықтауды міндеттеу.
2021 жылғы өрт қауіпті маусымда Қазақстан Республикасының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес қалалар мен аудандардың әкімдері ықтимал қауіпті аумақтарда орналасқан елді мекендерді, бау-бақша қоғамдарын, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс орындарын, пансионаттар мен санаторийлерді қорғау жөніндегі алдын алу іс-шараларын қабылдауы қажет. Ормандардағы өрт қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін, іргелес аумақтарды құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартсын, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарында жырту жүргізсін.
Орманды дала өрттері тұрғын ғимараттар мен шаруашылық құрылыстарға ауыса алатын 21 елді мекен ерекше алаңдаушылық туғызады.
АНЫҚТАМА: Алтынсарин – 1, Әулиекөл – 3, Қостанай – 8, Меңдіқара – 5, Ұзынкөл – 3, Федоров – 1.
Сондай-ақ, облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін жабдықтау да алаңдатады. 8 орман шаруашылығы өрт-бақылау мұнараларымен толық жабдықталмағандықтан, тиесілік нормаларына сәйкес 47 бар 23, пайдалануға дайын 22 орман шаруашылығы қажет. Михайлов, Қамысты және Усаков орман шаруашылығы мекемелерінде қосымша 5 орман өрт сөндіру станциясы қажет.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында ормандарды өрттен қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қолда бар өрт техникасының жай-күйін талдау олардың жеткіліксіз жарақтандырылғанын көрсетеді. Сонымен, талап етілетін 10 өрт сөндіру автомобилінің 5 бар, талап етілетін 3 өрт бақылау мұнарасының тек 1 ғана бар, талап етілетін 110 радиостанцияның 71 бар, талап етілетін 47 аспалы бүріккіштің 23 бар. Сонымен қатар қосымша 1 орман өрт сөндіру станциясы талап етіледі.
Ағымдағы жылы жауапты ұйымдармен 2 018,345 км минералдандырылған жолақ салу және 66 218,88 км күту жоспарланған. Олардың ақпараты бойынша, олар мамыр айының екінші онкүндігінде жұмысқа кіріседі.
Анықтама:
- Орман шаруашылығы мекемелері құрылысы - 524 км., күтімі - 46019,5 км.;
- Науырзым МТҚ күтімі - 3792 км.;
- Алтын Дала - 2000 км.;
- «ҚТЖ «ҰК» АҚ күтімі - 11820,64 км.;
- «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ - 1226 км.;
- «Kegoc» АҚ құрылысы - 130,895 км.;
- «Интергаз Орталық Азия» АҚ құрылғы – 8,45 км., күтім 8,45 км;
- «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ облыстық (аудандық) маңызы бар автожолдарда орналастыру - 800 км., күтімі - 800 км.;
- жергілікті масштабтағы (елді мекендер) автожолдар бойындағы қалалар мен аудандардың әкімдіктері құрылғысы - 555 км, күтімі - 552,29 км.
15 сәуірден бастап өрт қаупі бар маусым аяқталғанға дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ облыс аумағында өрт ошақтарының координаттары туралы жедел ақпарат бере отыра, ғарыштық мониторинг жүргізеді, бұл оларды үлкен алаңдарға жеткізбей, уақтылы жоюға мүмкіндік береді.
Мамыр айының бірінші онкүндігінде Әулиекөл ауданының «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында облыстық өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.
28 сәуірде Қазақстан Республикасы ТЖМ және Ресей Федерациясы ТЖМ басқару органдарының кезекші-диспетчерлік қызметтері желісі бойынша екі жақты өзара іс-қимыл жүйесінде штабтық жаттығулар жоспарланған.
Мамыр және маусым айларында Ресей ТЖМ Бас басқармасының Орынбор (Жітіқара ауданы) және Челябі облыстары (РФ Чесмен ауданы) бойынша жедел топтарымен және Қостанай облысының ТЖД «Орман және дала өрттерімен байланысты трансшекаралық ТЖ туындау қаупі кезінде жедел топтардың өзара іс-қимылын және жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында бірлескен кешенді оқу-жаттығулар жоспарланған.
Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет!