Құрметті Біржан Телманұлы!
Құрметті әріптестер!
Тәртіп - бұл қағидалар мен міндеттемелердің, қабылданған заңдардың, шектеулердің, сондай-ақ Әдеп кодексі қағидаларының уақтылы және тиісінше орындалуы.
Бөлімшелердегі тәртіп әрқашан басшылықтан басталады, сондықтан егер басшылардың өздері тәртіпті болса, еңбек жағдайларын жасайды, жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, қызметтік жұмысты бағалауда жариялылық пен объективтілікті қамтамасыз етеді, ынталандыру түрінде ынталандырады, онда ұжымдарда салауатты атмосфера құрылады.
2021 жылғы 06 ақпанда «2020 жылғы Азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы шолу» тақырыбында аудиселекторлық режимде (СИП телефоны бойынша, бөлімшелердің барлық жеке құрамының қатысуын қамтамасыз ете отыра) кеңестер өткізілді.
Департамент қызметкерлері қайырымдылық науқандарына белсенді қатысады, ақпан айында басталған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында халыққа 74 рет көмек көрсетілді, қан тапсыру бойынша қайырымдылық науқандарына тұрақты түрде қатысады, жүгінген адамдарға көмек көрсетіледі.
Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бөлімшелерде тоқсан сайын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырумен кеңейтілген семинар – кеңестер өткізіледі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат шеңберінде 18 «дөңгелек үстел», 8 семинар мен дәріс өткізілді, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа 9 рет деректі фильмдер көрсетілді, БАҚ 10 материал жарияланды.
Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, 2021 жылдың есептік кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны 91 (2020 ж. – 38), оның ішінде ТЖД - 34 (2020 ж. – 7) және «ӨС және АҚЖҚ» ММ - 57 (2020 ж. - 31) айтарлықтай өсті. 8 қызметтік тергеу жүргізілді (2020 ж. – 2).
Анықтама:
Қолданылған тәртіптік жазалардың түрлері бойынша:
|
тәртіптік жазалардың түрлері |
2021 жыл |
2020 жыл |
|
ескерту |
37 |
18 |
|
сөгіс |
23 |
9 |
|
қатаң сөгіс |
26 |
8 |
|
қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту |
2 |
1 |
|
атқаратын лауазымынан босату |
3 |
0 |
|
азаматтық қорғау органдарынан шығару |
0 |
2 |
Жүргізілген жұмыстың нәтижелерін атап өту қажет, атап айтқанда қызметкерлер өрескел бұзушылықтарға жол бермеген, яғни 2021 жылдың 1 тоқсанында қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп – тексерулер тіркелмеген және теріс себептер бойынша қызметкерлер жұмыстан босатылмаған (2020 ж. - 2).
Қызметтік-әскери тәртіпті бұзу 2021 жылдың 1 тоқсанында 1 факті анықталды (2020 ж. -2)
Анықтама:
2021 жылғы 19 қаңтарда облыстың аумақтық бөлімшелерін тексеру кезеңінде Департаменттің «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қарамеңді а. №20 ӨСБ 2021 жылғы 15-16 қаңтар аралығында осы бөлімше бастығының жұмыс орнында азаматтық қорғау майоры Е.Д. Манабаевтың болмау фактісі анықталды, 2021 жылғы 22 қаңтарда өткізілген Тәртіптік комиссияға сәйкес Департамент бастығының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 20-ж/қ бұйрығымен азаматтық қорғау майоры Е.Д. Манабаев атқаратын лауазымынан босатылды. «ӨС және АҚЖҚ» ММ лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік тәртібін бұзуға жол бермеу мақсатында Департамент қызметкерлері арасында әкімшілік полиция қызметкерлерін шақырумен 16 дәріс және сабақ өткізілді. Алайда, қызметкерлердің қатысуымен болған ЖКО орын алуда, 2021 жылдың есептік кезеңінде - 1 жағдай (2020 ж.-1).
Анықтама :
2021 ж.20 ақпанда Жангелдин ауданы Торғай а. №27 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Жарасов Олжас Ыбрағымұлы мемлекеттік нөмірі 041 KTA 55 ru «Тoyota Estima» маркалы автокөлігін басқара отыра, Қостанай қ. бойынша мемлекеттік нөмірі 524 KMA 10 «Lada-Granta» маркалы автокөлігімен соқтығысты. ҚР ӘҚБтК 610-б. 1-б. көзделген ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін О.Ы. Жарасовқа қатысты 2021 жылғы 20 ақпандағы №0658930 әкімшілік хаттама толтырылды. Қызметтік тәртіпті бұзғаны, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 06 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын орындамағаны, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚР ЖҚҚ мүлтіксіз сақтау туралы заңды, бірнеше рет берген нұсқаулары мен талаптарын орындамауынан, соның нәтижесінде оларға жол-көлік оқиғасына жол берілуінен көрініс тапты, Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю. Ильиннің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы шығ. № 29-8-4/1584-И нұсқауын орындамағаны үшін, Жангелдин ауданы Торғай а. №27 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Жарасов Олжас Ыбрағымұлы «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп пен заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелерінде қойылған міндеттерді табысты орындау мақсатында Департаментте ұсынылады:
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет!