1 тарау. Жалпы ережелер
1.Осы төтенше жағдайлардың салдарын жою, іздестіру-құтқару жұмыстары және зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі іс - шараларға волонтерлерді тарту алгоритмінде (бұдан әрі-Алгоритм) көрсетілген іс-шаралар «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2.Мына Алгоритмде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) волонтерлік қызмет – ерікті, әлеуметтік бағытталған, еркін ерік-жігер бойынша орындалатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, қоғамдық пайдалы қызмет;
2) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ Саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);
3) волонтер – жұмыстан (оқудан) бос уақытта ерікті әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті ақшалай немесе материалдық сыйақы алмай жүзеге асыратын ерікті;
4) волонтерлік ұйымның көшбасшысы – волонтерлік ұйымның басшысы, оның жұмысы бүкіл волонтерлік ұйым жұмысының сәттілігіне байланысты;
5) волонтерлер үйлестірушісі – волонтерлік бағдарламаны (жобаны немесе белгілі бір жұмысты) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға, волонтерлермен жұмыс істеуге жауапты, сондай-ақ тапсырмалардың дұрыс орындалуын бақылайды.
3.Осы Алгоритмнің мақсаты волонтерлерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға, іздестіру-құтқару жұмыстарына, оның ішінде хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге қатысуға тарту, сондай-ақ зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету тәртібін айқындау болып табылады.
2 тарау. Волонтерлерді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, іздестіру-құтқару жұмыстарына және зардап шеккендерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге тарту
4. Волонтерлерді тарту әкімдіктердің волонтерлермен жұмыс жөніндегі өкілдерімен (өзара іс-қимыл кезінде), волонтерлік ұйымдардың үйлестірушілерімен немесе көшбасшыларымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
5. Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға, іздестіру-құтқару жұмыстарына волонтерлер тартылған жағдайда Министрліктің аумақтық бөлімшелері:
1) волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларымен немесе үйлестірушілерімен бірлесіп, төтенше жағдайлардың салдарын жою және адамдарды іздеу шеңберінде волонтерлік көмекке, волонтерлік қызметтің түрлері мен нысандарына қажеттілікті айқындайды;
2) волонтерлердің міндеттері мен орындайтын жұмысының көлемі (шұғыл және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау кезінде көмек көрсету, оның ішінде хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, халықты ТЖ аймақтарынан эвакуациялау);
3) жұмыс басталар алдында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шаралары бойынша нұсқамалар жүргізіледі;
4) нұсқау беру кезінде алдағы жұмысты сипаттайды және қажет болған жағдайда көрнекі көрсету (зардап шеккендерге алғашқы және шұғыл психологиялық көмек көрсету, қала мен жабайы табиғат аясындағы іздестіру жұмыстарының әдістері) жүргізіледі;
5) нақты волонтердің тәжірибесі мен дайындығын ескере отырып, волонтерлерді жекелеген жұмыс түрлеріне (қоңырау шалу, сұрау, іздеу, әлеуметтік желілер мониторингі және т. б.) бөледі.
6. Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшылары болып волонтерлерді (қызмет бағыттары бойынша) тарту үшін жауапты адамдар тағайындалады.
7. Жауапты тұлғалардың негізгі міндеті еріктілердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру және жұмысын бақылау болып табылады.
8. Волонтерлерді төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар, іздестіру-құтқару жұмыстары туралы, волонтерлердің қажетті саны, оларды өткізу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы хабардар етуді жауапты қызметкер жүзеге асырады.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою, іздестіру-құтқару жұмыстары жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру процесінде жауапты қызметкерлер қажет болған жағдайда волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерге жұмыстың мазмұны (мақсаттары, жоспарланған нәтижелері, іс-шаралардың кезеңділігі) туралы толық ақпарат береді;
9. Іс-шараларды өткізу алдында жауапты қызметкерлер еріктілермен нұсқаулық өткізеді, әр қатысушының функциялары мен міндеттерін, жұмыс орны мен көлемін анықтайды, оның орындалуын бақылайды.
10. Жауапты қызметкер туралы ақпаратты (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), байланыс деректері, электрондық мекенжайы) Министрліктің аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырады.
11. Министрліктің аумақтық бөлімшелері өз интернет-ресурсында осы Алгоритмнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес «Волонтерлерді тарту» бөлімдерін құрады.
______________________________________________