«2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» баяндамасы

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Б.Т. Кәрімовтың 2021 жылғы 19 наурыздағы Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысына «2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» мәселесі бойынша сөйлеген сөзінің тезистері.

Алдағы су тасқыны кезеңі облыстың барлық мүдделі мемлекеттік органдары мен мекемелерінен су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел шаралар қабылдауды талап етеді.
Бүгінгі күні тасқын және еріген су басуы мүмкін аймақтарда 95 елді мекен (2097 үй\ 8 417 адам) орналасқан.
«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені» Жол картасымен 34 іс-шара орындалды.
Анықтама:
Өзен арналарын нығайту, түбін тереңдету, тазалау, санациялау (1,9 км), қорғау бөгеттерін, жер үйінділерін салу, қалпына келтіру, жөндеу және нығайту (16,57 км), арналар мен коллекторларды жөндеу (11,753 км), су өткізу құбырларын орнату және жөндеу (14 дана) жүргізілді.
2021-2023 жылдарға арналған осыған ұқсас Жол картасында 6 іс-шара өткізу жоспарланған (жалпы сомасы 1 313 437,3 мың теңге).
2020 жылы көзбен шолып комиссиялық тексерулермен 22 гидротехникалық құрылысқа (бұдан әрі мәтін бойынша ГТҚ) жөндеу талап етілетіні (барлығы 99 ГТҚ) анықталды, олардың 9-ы 1120 адам тұратын 11 елді мекенге қауіп төндіреді.
Анықтама:
Әкімдіктердің деректері бойынша Алтынсарин ауданы Шоқай а., Свердловка а.; Қарасу ауданы Октябрьское а., Степное және Железнодорожное а.; Науырзым ауданы Буревестник а.; Амангелді ауданы Қарасу а., Әбу Сыздықов а., Ағайдар а., Сәт Есенбаев а. және Кемер а..
ГТҚ теңгерім ұстаушылары ұзақ уақыт бойы жыл сайынғы көп факторлы тексерулер жүргізбейтінін атап өту қажет, соның салдарынан құрылыстардың нақты техникалық жай-күйін бағалау мүмкін емес. (Су кодексінің 124-б. 4-т. және ГТҚ көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларының 2-т., бұл рәсім айтарлықтай қаржы қаражатын талап етеді).
Жыл сайын су тасқыны кезеңінде жол инфрақұрылымы объектілері көптеген су тасқындарына және су тасқындарына ұшырайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отыра, жол ұйымдары су өткізу құрылыстарын қар мен қоқыстан тазартуға уақтылы кірісуі, су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруы қажет.
Су тасқыны кезеңіне дайындық кезінде елді мекендерден қарды шығару мәселесі маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта шығарылған қардың көлемі шамамен 800 мың м3 құрайды, бірақ наурыз айында жауын-шашынның көп болғанын ескере отыра, қар шығаруды бірнеше есе арттыру қажет.
Бұл бағыттағы жұмысты әсіресе Қостанай, Рудный қалаларының, Қарабалық, Қостанай және Сарыкөл аудандарының әкімдіктері күшейту қажет.
Облыс қалаларында арық-канал жүйесінің жобалық өткізу қабілетін қамтамасыз ету проблемасы да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша су өткізуді тазартудың белсенді кезеңі наурыздың үшінші онкүндігінде (20–шы күнінен бастап) басталады.
Қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын қыстың соңына қарай қардан басқа, қоқыспен ластанған кентішілік арық жүйелерін дайындауға аударғым келеді.
Бүгінгі таңда қаржылық қаражат резервін барлық өңірлер қалыптастырған.
АНЫҚТАМА: барлығы - 814 млн. теңге.
- төтенше резерв - 117 млн. теңге;
– шұғыл шығындарға арналған резерв - 499 млн. теңге;
- ТЖ алдын алуға және жоюға шығындар шамамен 197 млн. теңге.
Су тасқыны кезеңінде инертті материалдар мен материалдық-техникалық құралдардың қажетті қоры дайындалды.
АНЫҚТАМА:
-164,9 тонна ЖЖМ ;
-14,3 тонна азық-түлік;
- 9,1 мың тонна инертті материал;
- 56764 дана қаптар.
Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Департамент күн сайын ғарыштық суреттер негізінде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді. Облыс аумағын аралау және 7 ауданда жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған (20-29 наурыз аралығында Алтынсарин, Әулиекөл, Жангелдин, Қамысты, Қарасу, Науырзым ауданында және Б.Майлин атындағы ауданында - 77 мың 688 м3 жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады.).
АНЫҚТАМА:
Космомониторинг қызметтеріне - 5,700 млн. теңге;
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге - 42 млн. теңге;
Су тасқыны және өрт қауіпті кезеңдерде аумақты айналып ұшуға - 5,6 млн. теңге.
Департамент қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе, су тасқыны болуы ықтимал аумақтарда тұратын тұрғындар арасында айлық шеңберінде үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Халық үшін ТЖ қаупі және туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді. Аймақтардың су тасқыны құбылыстарына ұшырау картасы дайындалды.
АНЫҚТАМА:
Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру бойынша халықпен 59 жиын, 10242 ауланы қамти отырып, 160 рейд өткізіліп, ұсынымдар берілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін 2960 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 1085 бірлік техника дайындалды:
- ТЖД 173 адамнан тұратын 23 бөлімшесі, 60 бірлік техника;
- ҚР ТЖМ басқа облыстардан келген 8 бөлімшесі, олардың саны 651 адам, 76 бірлік техника, 26 жүзу құралы, 97 мотопомпа;
Департаменттің қарулануында халықты тасымалдауға және эвакуациялауға арналған өтімділігі жоғары вахталық автобустар (9), батпақ-жол талғамайтын көліктер (5), жүзу құралдары (19), мотопомпалар (78), оның ішінде тіркемелі (5), сондай-ақ гидрокостюмдер (595) және 242 төсек-орынға арналған 10 шатыр бар.
Департаменттің өңірлердегі барлық бөлімшелері мотопомпалармен жабдықталған.
Су тасқыны кезеңінде инженерлік, жоғары өтімді және су сору техникасымен күшейтілген екі жиынтық топ құрылды, олар неғұрлым күрделі учаскелерге жедел бағытталатын болады.
Үйлестірілген жұмысты ұйымдастыру мақсатында біз келісім бойынша 2021 жылы облыстың халқын, аумағын және шаруашылық жүргізуші субъектілерін тасқын суларынан қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледік.
Жоспарда ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың барлық кешені қарастырылған.
Ағымдағы жылғы 3 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесі күнделікті қызмет режимінен ерекше өкімге дейін жоғары дайындық режиміне ауыстырылды (облыс әкімінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 35-ө Өкімі).
Құрметті әріптестер, су тасқыны жағдайын бақылау, басқару органдарының іс-қимылын үйлестіру үшін Департамент базасында мүдделі азаматтық қорғау қызметтерін тарта отыра, облыстық су тасқынына қарсы штаб өрістетілетін болады.
Осыған байланысты қалалық және аудандық су тасқынына қарсы штабтар құру және олардың жұмысын ұйымдастыру қажет.

Баяндама аяқталды

«2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» баяндамасы
Дата публикации
19 марта 2021