Конкурс туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймагамбетов көшесі, 150. Анықтама үшін телефондары: 8(7142)-500-860 (факс), электрондық мекенжайы: ok_dchs_kost@emer.kz, «Б» корпусының 9 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі (ЭҚАБЖ) жұмыс тәртібіне сәкес тіркеу, есепке алу және хат-хабарларды қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру, департаментте жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастуры, «Қызмет бабында падалану үшін»  белгісі бар (ҚБПҮ) құжаттарды қабылдау, бастапқы өндеу және алдын ала қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Өнер және гуманитарлық ғылымдар (тілдер және әдебиет (тілдер және әдебиет (филология; аударма ісі); гуманитарлық ғылымдар (философия; тарих)); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және ақпарат (журналистика; жұртшылықпен байланыс; мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету; кітапхана ісі); әлеуметтік ғылымдар (халықаралық қатынастар; әлеуметтану, саясаттану)); Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері)); Бизнес, басқару және құқық (құқық- (құқықтану; халықаралық құқық); бизнес және басқару (мемлекеттік және жергілікті басқару)); Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (әскери іс; қоғамдық қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі)).

  1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Ғимараттар мен бөліністер, құрылыстардың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмысын ұйымдастырады. Ғимараттардың жөндеу мен күрделі жөндеу жұмыстарына құжаттар, жоба-сметалық есептер дайындап жүргізеді. ТЖД аумағына тіркелген құрылыс объектілерінің жағдайы және техникалық нормаларын, өрт сөндіру қауіпсіздігін сақтауына бақылау жасайды. Шаруашылық, тұрмыстық және арнайы шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, олардың тіркеуі және сақтандыру мен есептен шығару   жұмысын ұйымдастыру. Ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықтарды техникалық пайдалануды, оларды жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Департаменттің және оның бөлімшелерінің автомобиль техникасын пайдалануды және сақтауды ұйымдастырады. Техника мен техникалық құралдарды жөндеуді қамтамасыз етеді.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес, басқару және құқық (құқық (құқықтану; халықаралық құқық); бизнес және басқару (экономика; менеджмент; есеп және аудит; қаржы; мемлекеттік аудит; мемлекеттік және жергілікті басқару; әлемдік экономика; бағалау); Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару; көлік, көлік техникасы және технологиялары; жылу энергетикасы; электр энергетикасы); сәулет және құрылыс (сәулет; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; көлік құрылысы; инженерлік жүйелер мен желілер)).

  1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 2022 жылғы 12 наурызына дейін) лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:
Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есепке алудың мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алуды жүзеге асыру. Бюджеттік міндетеріне сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіқтеуіштің кодтар бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Құжаттардың уақытылы және дұрыс құрылуына және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Ақшалай қаражатты, есептеулерді және материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету. Бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздері және оларға үш жылға арналған есептеулері бар бюджеттік өтінімдер әзірлеу. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер жасау. Құрама және жеке қаржыландыру жоспарларын жасау. Бюджетті орындау және бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органдар белгілеген қаржылық есептілікті жасау. Штаттық кестелер әзірлеу.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес, басқару және құқық (бизнес және басқару (экономика; есеп және аудит; қаржы; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; мемлекеттік аудит)).
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа шыдамау. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай – ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаты;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Теріс себептер бойынша немесе олардың қызметін бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі не аттестаттау қорытындылары бойынша шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметші және тұлға жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурс қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа және сайлауға тестілеуден өтпей-ақ қатысуға құқылы, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпаса:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілген құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінде соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен жайға: Қостанай қаласы, Баймагамбетов көшесі, 150, анықтама үшін телефон: 8(7142)-500-860 (факс), электрондық мекен-жайы: ok_dchs_kost@emer.kz ұсыну қажет.
Азаматтардың қолмақол тәртіпте немесе электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасы, немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде берген құжаттары конкурстық комиссияның қарауына қабылданады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және абыройына қатысты қосымша ақпараттарды (біліктілілігін  арттыру, ғылыми дәрежелері және білімдері туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жариялымдардың көшірмелерін, басқа да олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтерді) ұсына алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күн қалғанға дейін кешіктірмей «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр бөлімінде  тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр қызметіне ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Хабарландыру
Дата публикации
26 марта 2021