"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, 110000, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 "а", анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz, аттестатталған бос лауазымдар туралы хабарлайды.
Кіші басшы құрам-17 бірлік:
1.Өрт сөндіруші-құтқарушы-4 бірлік:
1) Лисаков қ. № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік;
2) Боровской а. № 9 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
3) Әйел кенті № 16 өрт сөндіру бөлімі - 1 бірлік
4) № 25 өрт сөндіру бөлімі Железнодорожный а. – 1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - ортадан төмен емес, жасы 35-тен жоғары емес, бойы 165 см-ден кем емес, қарулы күштерде қызмет ету міндетті.
2.Өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері-10 бірлік:
5) Рудный қ. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік;
6) Лисаков қ. № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі-3 бірлік;
7) Федоровка а. № 7 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
8) Қарабалық ауылындағы № 11 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
9) Жітіқара қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
10) Қашар кенті № 13 Өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
11) Әйел кенті № 16 Өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
12) Тобыл кенті № 17 өрт сөндіру бөлімі-1 бірлік
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-ортадан төмен емес, жасы 35-тен жоғары емес, бойы 165 см-ден кем емес, қарулы күштерде қызмет ету міндетті, "В, С" санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы, жүргізу тәжірибесі.
3.Радиотелефонист-3 бірлік (декреттік демалыс кезеңіне):
1) Арқалық қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі - 2 бірлік;
2) КҚЖБО – 1 бірлік.
Құжаттар хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 "А", "Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ кадр саясаты бөлімі, №222 кабинет, анықтама телефоны 8(7142) 53-27-30; 53-42-47 (117,118), факс 8(7142) 50-45-60, e-mail: ok_spasr_kost@emer.kz.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Азаматтар жұмысқа орналасуға қатысу шығындарын (дене шынықтыру даярлығын тапсыру өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, Ақтөбе қаласында тұру) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жұмысқа орналасуға қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде өздері қолма-қол тәртіпте берген, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға орналастырылған мынадай құжаттарды конкурс өткізетін ІІО кадр қызметіне тапсырады:
1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы қағидаларға 1 -;
2) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) бекітілген ІІО - ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;)
4) іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен және басылған түрде жазылған толық өмірбаян;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (болған жағдайда);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызмет өткерген әскери бөлімнен мінездеме;
9) көлемі 3х4 см төрт фотосурет.;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;);
12) құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына қызметке кіру кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес» конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдерінің, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
16.01.2020 ж.