Қазақстан өңірлерінде өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Қарағанды қаласы мен Қызылорда облысында «Жас құтқарушы» мамандандырылған сыныптары ашылды. Онда оқушылар тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін меңгеріп, құтқарушы мамандығымен танысады.
Қарағанды қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектепте «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сегізінші сыныптың 15 оқушысы ант қабылдады. Оқу кабинеті заманауи жиһазбен, LED-экранмен, кеңсе техникасымен, көрнекі оқу құралдарымен, альпинистік және құтқару жабдықтарымен, медициналық аспаптармен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Іс-шара аясында арнайы техника мен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылып, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға арналған шеберлік сабақтары өткізілді.
Қызылорда облысы Арал ауданының № 292 орта мектебінде тағы бір «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік саласындағы білімін арттыру, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуді үйрету, сондай-ақ құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылар өрт қауіпсіздігі қағидаларын, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітеді.
Жаңа сыныптарда оқушылар теориялық білім алып қана қоймай, мамандардың жетекшілігімен практикалық дағдыларды меңгеріп, құтқару бөлімшелерінің жұмысымен танысады және кәсіби мамандардың тәжірибесін үйренеді. «Жас құтқарушы» сыныптарының ашылуы – жауапкершілігі жоғары, өмірдің түрлі жағдайларына дайын ұрпақ тәрбиелеудегі маңызды қадам. Мұндай бастамалар патриотизмді дамытуға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жастар арасында құтқарушы мамандығын насихаттауға ықпал етеді.
Мерекелік жиында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталып, олардың мінсіз қызметі мен кәсіби жетістіктері атап өтілді.
Бірқатар қызметкерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталып, кейбір қызметкерлерге кезектен тыс арнайы атақтар берілді. Бұл марапаттар – құтқарушылардың қажырлы еңбегіне, адал қызметі мен ерлігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Олар күн сайын қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет батылдықты, тәртіпті және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар күн сайын қауіп-қатерге тап болған адамдарға көмек көрсетуге дайын. Осындай абыройлы іске өзін арнаған азаматтардың бірі – Қарағанды қаласындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абай Нұрпейісов.
Абай Нұрпейісов 2021 жылдың қыркүйегінен бастап азаматтық қорғау органдары жүйесінде қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол таңдаған мамандығының қыр-сырын меңгеріп, оның жоғары дене дайындығымен қатар, психологиялық төзімділікті, жылдам шешім қабылдауды және командамен үйлесімді әрекет етуді талап ететінін түсінді. Азаматтық қорғау сержанты арнайы атағына ие Абай қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіруге ұмтылады.
Өрт сөндіруші-құтқарушы үшін физикалық төзімділік пен ауыр жүктемелерге дайын болу ерекше маңызды. Сондықтан Абай спортқа көп көңіл бөледі. Ол бассейнге барады, бос уақытында қоян-қолтық ұрыс пен жекпе-жек түрлерімен әуесқой деңгейде айналысады. Мұндай жаттығулар оның дене дайындығын шыңдап, төзімділігін арттыруға және мінезін қалыптастыруға көмектеседі.
Қызметтегі қарбалас күндерге қарамастан, Абайдың өмірінде отбасының орны ерекше. Ол бос уақытын жақындарымен өткізуге тырысады. Отбасымен бірге серуендеп, табиғат аясына шығып, демалады. Жақындарының қолдауы оған күш-қуат беріп, шабыттандырады әрі алға ұмтылуға жігерлендіреді.
«Мен үшін ең бастысы – өз ісіме жауапкершілікпен қарау, үнемі даму және айналамдағы адамдар сенім арта алатын азамат болып қалу», – дейді Абай.
Өрт сөндіруші-құтқарушы қызметі күн сайын көмекке келуге дайын болуды, батыл әрекет етуді және жауапкершілікті өз мойнына алуды талап етеді. Бұл қызметтің артында өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін бәрінен жоғары қоятын жандар тұр.
Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде көміртек тотығынан уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Qarmet» АҚ жанындағы «Әділет» партиясы филиалымен бірлесіп, жеті тұрғын үйде профилактикалық іс-шаралар өткізді. Жұмыс барысында мамандар көміртек тотығының датчиктерін орнатып, мұржаларды тазалады. Бұл қауіпті жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Техникалық жұмыстармен қатар, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар пешті қауіпсіз пайдалану ережелерін, мұржаларды жүйелі түрде тазалаудың және жылыту құрылғыларының жарамдылығын уақтылы тексерудің маңыздылығын түсіндіреді.
Көміртек тотығының басты қауіптілігі – оның түсі мен иісінің болмауы. Жабық үй-жайда жиналған бұл газ ауыр улануға, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Арнайы датчиктер газдың қауіпті концентрациясын дер кезінде анықтап, тұрғындарға ескерту жасауға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, жылыту жүйелерінің жарамдылығын бақылауға және профилактикалық шараларға немқұрайлы қарамауға шақырады. Ақауларды дер кезінде анықтау және қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Қауіпті жағдайда жедел көмекке келіп, адам өмірін құтқару – өрт сөндірушілердің басты міндеті. Бұл мамандық батылдықты, кәсібилікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Саят Ордабайұлы Сыздықов Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарады. ТЖМ жүйесіндегі еңбек жолын 2019 жылы бастаған.
Есінде ерекше сақталған оқиғалардың бірі Мұқанов көшесіндегі шақырту болды. Оқиға орнына жеткенде құтқарушы бесінші қабаттағы терезе жанында тұрған кішкентай қызды байқайды. Жағдайды бағалаған ол дереу қажетті шараларды қабылдап, пәтерге кіріп, баланы қауіпсіз жерге алып шықты.
Саят Сыздықов үшін бұл мамандық өз ісіне адалдықты және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін қызмет. Ол әріптестерімен бірге өрттерді сөндіруге, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және адамдарды құтқаруға қатысады. Әрбір құтқарушының басты мақсаты – адам өмірін сақтау.
Қарағанды облысында жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің және адам өлімінің алдын алуға бағытталған «Ата-ананың үйін тексеріңіз» республикалық акциясы жалғасуда. Акция аясында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды ата-аналарының, әсіресе егде жастағы жақындарының үйіндегі өрт қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.
Үй қауіпсіздігін тексеру кезінде:
Қамқорлық — жылы сөзбен ғана емес, нақты әрекетпен де көрінеді. Ата-анаңыздың үйіне барып, қауіпсіздігін тексеріңіз. Өйткені дер кезінде жасалған қарапайым әрекеттердің өзі үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Оларды қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз!
2026 жылғы 7 қазан күні «Шет ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен ерлер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті.
Чемпионатта Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де жоғары нәтиже көрсетті.
№19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қазбек Қабдығаниев — І орын иеленіп, чемпион атанды.
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Ақниет Оралов — ІІ орын иеленді.
Күнделікті қызметте батылдық пен табандылық танытып жүрген құтқарушыларымыздың спорттағы жетістігі де – үлкен мақтаныш.Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Спорттағы жетістіктеріңіз артып, ел қауіпсіздігі жолындағы жауапты қызметтеріңізде абырой биігінен көріне беріңіздер! на рурском перевод
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Анықтау бөлімі, Азаматтық қорғаныс басқармасы, Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы, Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы, Тылдық қамтамасыз ету бөлімі және Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Ішкі талдаудың мақсаты - Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың туындау себептері мен жағдайларын зерделеу, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу. Осыған байланысты, ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 9 қазанда өткізіледі. Өткізу орны: Қарағанды қаласы Ерубаев көшесі 25, Басталу уақыты: сағат 10-00-де Жария талқылау барысында ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, олардың себептері мен жағдайлары, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстар таныстырылады. Мүдделі тұлғалар мен қоғам өкілдері ішкі талдау нәтижелері бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіре алады. Қосымша ақпарат алу және жария талқылауға қатысу мәселелері бойынша: Жауапты бөлімше: Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының өзіндік қауіпсіздік тобы. Байланыс телефоны: 87475648951.
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, ал 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Қызмет жылдары мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылғы шілде айынан 2026 жылғы қазан айына дейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Заң мен тәртіп тұжырымдамасына сәйкес жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүйелі негізде өткізіледі.
2026 жылдың 2 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру тобының мүшесі Токатов Руслан Алтаевичтың қатысуымен дәріс өткізілді.
Заңдылық пен қызметтік тәртіп ерекше бақылауда !