Теміртау қаласында азаматтық қорғау саласы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді

Теміртау қаласында азаматтық қорғау саласы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді

2025 жылғы 15-16 мамыр күндері облыс әкімінің ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес Теміртау қаласында «Қалалық азаматтық қорғаудың кіші жүйесінің әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығы» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – азаматтық қорғау қызметтері мен басқару органдарының түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету қабілетін тексеру және жетілдіру. Іс-шара екі күнге созылды және нақты жоспарға сәйкес өткізілді.

Оқу-жаттығудың бірінші күні азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығы тексеріліп, практикалық іс-қимылдары пысықталды. Жаттығуға түрлі ұйымдар, өрт сөндірушілер, медициналық жедел жәрдем, полиция және басқа да мамандандырылған құрылымдар тартылды. Екінші күні бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшу жағдайындағы қала жүйелерінің іс-қимылдары қарастырылды. Басқару органдарының дағдарыс жағдайында шешім қабылдауы мен эвакуациялау іс-шаралары пысықталды. Оқу жаттығу нәтижесінде барлық қатысушы қызметтердің құжаттары мен іс-әрекеттері бағаланып, анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Теміртау қаласы әкімдігінің мәліметінше, алдағы уақытта анықталған кемшіліктер жойылып, азаматтық қорғау жүйесі одан әрі жетілдіріледі.

Қарағанды облысы ТЖД