Шахтинск қаласындағы өрттен төрт газ баллоны шығарылды

Шахтинск қаласындағы өрттен төрт газ баллоны шығарылды

15 қыркүйек күні сағат 05:16-да Шахтинск қаласының Октябрьская көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстарының блогы жанып жатқан. Өрт салдарынан біріктірілген шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары, сарайлар, көрші үйлердің үш гаражы зардап шекті. Бір гараждың ішінде автокөлік болды.
Төрт үйден 17 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт сөндіру барысында жанып жатқан шаруашылық құрылыстарынан 4 газ баллоны сыртқа шығарылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Өртті сөндіру құрылыстың жоғары тығыздығымен қиындады. Қызыл жалынның тез таралуына ғимараттар мен гараждар арасындағы өрт үзілістерінің болмауы ықпал етті.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 19 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралармен 06:48-де өрт толық сөндірілді. Жалпы алғанда, өрт ауданы 250 шаршы метр болатын 4 үйдің ғимараттарына таралды.
Өрттің алдын ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды еске салады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау - сіздің үйіңізді және мүлігіңізді оттан қорғайды!

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі