
Егін және жем-шөп жинау маусымында өрттер жиілеп кетеді. Өрттің шығуына көп жағдайда адами фактор әсер етеді. Мәселен, өткен демалыс күндері Қарағанды облысының түрлі аудандарында шөптің 5 жану оқиғасы орын алды.
12 қыркүйекте Теміртау қаласындағы тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 80 шаршы метр болатын 15 тонна шөп пен 2 сарай өртенді. Өртті өз бетінше сөндіру барысында 1981 жылы туған үй иесі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.
Кеше, 13 қыркүйек күні Абай ауданының Сарепта ауылында жеке тұрғын үй аумағында жалпы ауданы 120 шаршы метр болатын 27 тонна шөп пен қораның ағаш конструкциялары жанып, 5 шошқа күйіп өлген.
Тағы бір шөптің жану оқиғасы Бұқар Жырау ауданының Ақтөбе ауылында болды. Өрт салдарынан 40 тонна дайындалған жем жанып кеткен. Өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады.
Үшінші өрт оқиғасы Бұқар Жырау ауданы Қызылқайың ауылдық округінде болды. Ауданы 50 шаршы метр болатын өрт 10 минут ішінде сөндірілді.
Өрттің себептері анықталуда.
Дәл осы күні өртеу салдарынан Осакаров ауданының Батпақ ауылында 80 тонна шөп өртенді.
Қарағанды облысының ТЖД өрт көбінесе отты абайсыз қолдану, шөп сақтау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе өртеу нәтижесінде орын алатынын еске салады.
Шөп, сабан және басқа да жанғыш материалдарды тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстарынан және жолдардан алыс жерлерде сақтау керек. Тұрғын үй құрылыстарының жанындағы қоралардың шатырларына шөп жинауға жол берілмейді. Оларды жинау орындарында темекі шегу және от жұмыстарын жүргізу жағдайларына жол беруге болмайды.
Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, оларға отпен ойнаудың қауіптілігі және салдары туралы түсіндіріңіз, олардан сіріңкелер мен оттықтарды жасырыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі