Қарағанды облысында мұз жару жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында мұз жару жұмыстары жалғасуда

Осакаровка ауданы, Құндызды өзенінде, Садовое ауылына жақын маңда 900 шаршы метр аумақта мұз қабатын әлсірету мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, алдын алу шаралары аясында Пионерское ауылында ТЖД, әскери бөлімдер күштерімен қорғаныс бөгетін нығайту және қаптар салу жұмыстары жүргізілуде. Садовое ауылында, көшелер мен проблемалы учаскелерде қарды шығару және су ағар каналдары мен арықтарды тазарту жұмыстары атқарылуда.

Барлығы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін 9 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді, 2 млн. 300 мың куб метрден астам қар шығарылды, 5 км уақытша бөгет салынды, 86 мың шаршы метр арықтар мен каналдар тазартылды, 7500-ден астам қап төселді.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.

 

Қарағанды облысы ТЖД