
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Қарағанды облысының ТЖД жылыту маусымы қарсаңында алдын алу іс-шараларын жалғастыруда. Аулаларды аралау арқылы тұрғындармен түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, жадынамалар таратылада.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп көп балалы отбасылардың, мүгедектердің, жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлерінде түтін датчиктері мен улы газ датчиктерін орнатуды жалғастыруда.
Өрт қауіпсіздігі айлығының басынан бастап, яғни 15 тамыздан бастап 28 датчик орнатылды, тағы 50 үйге орнату жоспарлануда.
Аулаларды аралау барысында 17000-нан астам адамға нұсқау беріліп, тұрғындармен 113-тен астам жиын өткізілді.
Түсіндіру іс-шаралары облыстың барлық өңірлерінде қамтылды.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды еске салады.
Пайдалану алдында жылыту жүйесін тексеру, түтіндіктерді тазарту, барлық пеш жабдықтарының тұтастығын тексеру, жарықтарды жою қажет.
Тек жарамды электр қыздырғыш аспаптарды пайдалану, желіні шамадан тыс жүктемеу қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі