
Фронт-офистердегі профилактикалық жұмыс: Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түсіндірді.Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері фронт – офистерде - азаматтарды қабылдау орталықтарында профилактикалық жұмыс жүргізді.
«Фронт-кеңселер күн сайын көптеген азаматтарды қабылдайды, сондықтан олардың қызметкерлерінің кез келген штаттан тыс жағдайларға дайын болуы маңызды. Адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың сауатты және уақтылы іс – әрекеттеріне байланысты болуы мүмкін», - деп атап өтті Қарағанды қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Ернұр Нұрсафин.
Сонымен қатар, қатысушыларға персоналға тұрақты нұсқау беру, эвакуациялық шығу жолдарының, өрт сөндіргіштердің және басқа да өрт сөндіру құралдарының жай-күйін тексеру қажеттігі туралы еске салынды. Сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда азаматтарды хабардар ету бойынша ұсыныстар берілді.
Қарағанды облысының ТЖД