
Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин ауылы ауданындағы Нұра өзенінде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында мұзды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.
Мұз жамылғысын әлсірету мұздың жылжуы кезінде өзеннің асып кетуін болдырмауға көмектеседі. Тасқынға қауіпті аймақтарда алдын алу шаралары жүргізілуде.
Космомониторинг деректері бойынша бүгінгі таңда Қарағанды облысының 75%-ы қармен жабылған.
Облыстағы ірі су қоймаларынан су ағызу жұмыстары жүргізілуде: Самарқанд су қоймасынан секундына 10 м³, Ынтымақ су қоймасынан секундына 15 м³ және Шерубай-Нұра су қоймасынан секундына 14 м³ су ағызылуда.
Су тасқыны қаупі бар аймақтарда алдын алу шаралары жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД