Босаға ауылында жаңа өрт бекеті ашылды

Босаға ауылында жаңа өрт бекеті ашылды

3 қыркүйекте Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровпен бірлесіп Босаға кентінде өрт сөндіру бекетін салтанатты түрде ашты. Өрт сөндіру бекеті ЗИЛ-130 автомобилінің базасында өрт сөндіру автомобилімен жабдықталған.
Бұл бекет ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап Қарағанды облысының аумағында құрылған 10 өрт сөндіру бекеті болып табылады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында жергілікті атқарушы органдар құрған 24 өрт сөндіру бекеті табысты жұмыс істейді, олардың қорғауында Қарағанды облысының жалпы халық саны 35 мың адамнан асатын 53 елді мекен бар.
Өрт сөндіру бекеттерін өрт сөндіру автомобильдерімен жабдықтау Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелеріне жаңа өрт сөндіру машиналарын сатып алу арқылы мүмкін болды.
Өрт сөндіру бекеттерін дамыту басым бағыт болып табылады және облыс басшылығының бақылауында.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі