
Осакаровка ауданының Осакаровка кентінен 2 км қашықтықта Астана қаласына қарай техникалық ақауы бар автокөліктен 3 адам (соның ішінде 1 бала) құтқарылды. Құтқарылғандар Осакаровка кентіне жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Теміртау қаласында Самарқанд су қоймасында құтқару қызметінің күшімен мұзға шыққан және қар құрсауында қалған 2 балықшы құтқарылып, жағалауға жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Осакаров ауданының «Осакаровка-Нұра» автожолында ТЖД күшімен қар құрсауында қалған жолаушылар автобусының 40 адамы, соның ішінде 1 бала құтқарылды. Барлығы Осақаровка кентінің теміржол вокзалына жеткізілді.
Нұра ауданының «Жараспай-Нұра» автожолында «Mercedes-Benz» автокөлігі қар құрсауынан шығарылып, 3 адам құтқарылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Теміртау қаласында «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының жабық учаскесінде Теміртау қаласының ААП терминалынан ТЖД күшімен 7 адам, оның ішінде 9 айлық сәбиі бар 2 әйел құтқарылды. Барлығы Теміртау қаласына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Абай ауданында, Есенгелді ауылынан 18 км қашықтықта ТЖД мен ЖАО күштері қар құрсауынан 3 автокөлікті шығарып, 15 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарды. Құтқарылғандар Шахтинск қаласына жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарқаралы ауданында Жанатоған ауылдық округінде автокөліктердің жүруі қиындық туындауына байланысты ТЖД 1948 жылғы қарт адамды Қарқаралы қаласының ауруханасына жеткізді, ол шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етті.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық облыс тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қажет емес жағдайда елді мекендерден шықпаңыз.
Облыс жолдарындағы ауа райы мен қозғалыс шектеулері туралы өзгерістерді ТЖД және бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттарынан бақылап отырыңыз.
Қарағанды облысы ТЖД