Қарағанды облысы ТЖД-де аруларға құрмет көрсетілді

Қарағанды облысы ТЖД-де аруларға құрмет көрсетілді

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күні нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мен төзімділігі жоғары бағаланды.   

Департамент басшылығы қызметтегі әйелдерді құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Ардагерлер мен қызметкерлердің еңбегі аталып өтіп, олардың кәсібилігі мен қайсарлығы ерекше мақтанышпен айтылды.   

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, әсем әндер шырқалды. Жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, нәзік жандылардың еңбегі мен ерік-жігеріне алғыс білдірілді.   

Қарағанды облысының ТЖД ұжымы барлық нәзік жанды аруларымызды мерекемен құттықтайды, сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және табыс тілейді! 

 

Қарағанды облысы ТЖД