Қарағанды облысы ТЖД № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Нұржан Қанафин "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін" медалін алды.
Нұржан азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдың тамыз айынан бастап қызмет етеді.
Тек ағымдағы жылдың өзінде ол 30-дан астам өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын басқарды. Кезекші қарауылдың жеке құрамымен 16 адамды өлімнен құтқарған.
Соның бірі 2020 жылы 2 мамырда болған өрт оқиғасы. Долинка кентінде тұрғын үйдің шатыры, монша және шаруашылық құрылыстары жанған. Өрттің үй-жайларына өту қаупі туындады. Бөлімше командирі Н.А. Канафиннің сауатты және батыл әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Өрттің тұрғын үйге таралуына жол берілген жоқ.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 5 шілдеде Н.А. Канафин газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны басында Шахтинск қаласындағы жанып жатқан пәтерден әйел мен мүгедек баланы құтқарды. Осы өртті сөндіру кезінде барлығы 13 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.