
2024 жылғы 1-2 наурыз күндері Астанада гір спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Чемпионатқа елдің ең мықты атлеттері қатысты.
Қатысушылар арасында Қарағанды облысы ТЖД өкілдері лайықты өнер көрсетті. 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде №28 өрт бекетінің өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі Роман Герасименко 3-орынды иеленді.
Ал №22 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Александр Комаров табанды дайындығының арқасында өз жеке рекордын қайталап, елдің ең мықты гір көтерушілері арасында абсолютті екінші үздік атанды.
Нәтижесінде, Александр Қазақстанның ұлттық құрамасына іріктелді. Енді ол халықаралық аренада ел намысын қорғайтын болады.
Қарағанды облысы ТЖД