Қарағандыда өрт сөндіру автокөлігіне ескерткіш ашылды

Қарағандыда өрт сөндіру автокөлігіне ескерткіш ашылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы аясында № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт техникасына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
Мемориал аты аңызға айналған өрт сөндіру автомобилін еске алу үшін құрылған. Тұғырда ГАЗ-51-АЦ 36/20 базасындағы нағыз өрт сөндіру автомобилі тұрғызылды. Өрт сөндіру ісінің "ардагері" 1951 жылдан бастап Қарағанды облысының өртке қарсы қызметінде болды. 40 жылдан астам жауынгерлік кезекшілікте бұл автомобиль 3500-ден астам өртті сөндіруге қатысты.
Өрт сөндіру автоцистернасы толығымен жарамды екенін атап өту қажет. Барлық механизмдер жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қазақстан құтқарушылары өзінің 25 жылдығын атап өтуде.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі