Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының ең үздік макеті байқауы

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының ең үздік макеті байқауы

1 наурызда Қарағанды облысында колледж студенттері арасында Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының ең үздік макеті бойынша байқау өтті.
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған бұл байқау бұрын сонды болмаған шара.


Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды егжей-тегжейлілігі, техникалық және конструктивтік негіздемесі, эстетикалық безендірілуі мен бірегейлігі бойынша бағалады.
Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау барысында қатысушыларға азаматтық қорғаныстың қалыптасу тарихы мен міндеттері жөнінде мәліметтер беріліп, зардап шеккендерге көмек көрсету әдістері таныстырылды, сондай-ақ ведомстволық музейге экскурсия ұйымдастырылды.


Байқау жеңімпаздары Азаматтық қорғаныс комитеті мен облыстық ТЖ департаментінің дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ең үздік жұмыстар ТЖД музейінде және азаматтық қорғаныс саласындағы оқу орталығында орналастырылады.

Қарағанды облысы ТЖД