
2025 жылғы 26 ақпанда Астанада қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионат әртүрлі салмақ дәрежесінде «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» дисциплиналары бойынша өзара бақ сынасты. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 500-ден астам спортшы қатысты.
Қарағанды облысы ТЖД спортшылары әйелдер арасындағы «Жекпе-жек» санатында жоғары нәтиже көрсетті:
Чеботарева Мария – 1 орын
Ларионова Эмилия – 2 орын
Жарасова Әйгерім – 2 орын
Бұл тамаша нәтижелер спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен талмас табандылығының жемісі. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз қызметкерлерін мақтан тұтады және олардың спорттық мансабында одан әрі табысқа жетуіне үміт артады.
Қарағанды облысы ТЖД