
25 ақпанда Қарағанды облысында ауқымды іс-шаралар – «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» күні және өрт сөндіру бөлімшелерінде Ашық есік күні өткізілді. Бұл іс-шаралар халықтың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардарлығын арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт сөндіруші мамандығын насихаттауға бағытталған.
Өрт қауіпсіздігі күні аясында қызметкерлер әңгімелесулер, лекциялар өткізді, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар үшін өрт қауіпсіздігі тақырыбында мультфильмдер көрсетті.
Өрт техникасы, өрт-техникалық қару-жарақ және өрт сөндірушінің киімдері көрсетілді, әрбір бала өздерін өрт сөндіруші ретінде сынап көруге мүмкіндік алды.
Балалар мен ересектер үлкен қызығушылықпен жауынгерлік киімді киіп көрді. Өрт қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Қарағанды облысы ТЖД