Ормандағы өртті ерте анықтау жүйесі тексеруден өтті

Ормандағы өртті ерте анықтау жүйесі тексеруден өтті


Қарағанды облысы ТЖД Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының аумағындағы жер телімінде өртті ерте анықтау жүйесіне тексеру жүргізілді.

Оқу-жаттығу аясында интеллектуалды камералардың көмегімен ормандардағы түтінді анықтау және ескерту жүйесінің жұмысы тексерілді. Сондай-ақ нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіліп, өрттің координаттарын анықтау шаралары қабылданды. Жаттығу нәтижесінде камералар қалыпты жұмыс істеді.

Қарағанды облысы ТЖД