
Осы жылдың 13–14 ақпан күндері қалалар, аудандар, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерімен азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша сабақтар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жергілікті атқарушы органдар басшыларының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы білімдерін нығайту.
Сабақ барысында азаматтық қорғанысты жергілікті деңгейде ұйымдастырудың негізгі аспектілері, жедел қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібі, халықты хабардар ету және эвакуациялау алгоритмдері қарастырылды. Табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың салдарын жоюдың практикалық мәселелеріне, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар басшылардың азаматтық қорғаныс жүйесіндегі рөлін түсінуге көмектесіп, қауіпті жағдайларға тиімді ден қоюға және халық үшін қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД