
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері Қарағанды қаласының №3 автобус паркінде профилактикалық жұмыс жүргізді. Осы жұмыс барысында кәсіпорынның жүргізушілері мен қызмет көрсетуші персоналына қоғамдық көлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын, автобуста қозғалыс кезінде өрт туындаған жағдайда жүргізуші мен бақылаушылардың іс-қимылын және жолаушыларды эвакуациялау тәртібін еске салды, сондай-ақ іс-шара барысында алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше назар аударылды.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары Қарағанды облысы ТЖД барлығын қоғамда «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыруға шақырады.
Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын-алу оңай!