Қарағанды облысы ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын аралап шықты.

Қарағанды облысы ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын аралап шықты.

Тексеру барысында өрт сөндіру техникасының жүруіне кедергі келтіретін заңсыз орнатылған бетон блоктар және басқа да кедергілер анықталды. 

Құтқару қызметтерінің ғимараттарға кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында анықталған кедергілерді алып тастау жұмыстары жүргізілуде.

Қарағанды облысының ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және өрт сөндіру техникасының кіреберіс жолдарын жабуға жол бермеу қажеттігін еске салды.

 

Қарағанды облысы ТЖД