
Қарттар үйлері мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге арналған үгіт-насихат және төтенше жағдайлардың алдын алу акциясы.
Өткен аптада облыс бойынша қарттар үйлерінде және жеке тұрғын үйлерде жалғыз тұратын зейнеткерлер үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шаралары өткізілді. Акция барысында аумақ қардан тазартылып, бұл қарттардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етті.
Сондай-ақ, Қарағанды облысы қалалары мен аудандарының төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлірі өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізіп, маңызды ережелерді еске салды. Негізгі мақсат – қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттырып, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту.
Бұдан бөлек, пансионат тұрғындары үшін мәдени іс-шара – мәдениет бөлімі мен мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл күн ерекше жылылық пен қамқорлық атмосферасына толы болды. Себебі қауіпсіздік – бұл тек ережелерді сақтау ғана емес, сонымен қатар қолдауды қажет ететін жандарға көңіл бөлу.
Қарағанды облысының ТЖД