Көшпелі мұражай: Өрт қауіпсіздігі бұрышы

Көшпелі мұражай: Өрт қауіпсіздігі бұрышы

 

Қарағанды облысында кезекті өрт қауіпсіздігі бұрышы ұйымдастырылды.

Біздің мақсатымыз – балаларды ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға үйрету және қауіпсіздік мәдениетін жас кезінен қалыптастыру. Осы аптада Қарағанды қаласының №19 жалпы білім беретін мектебі мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде өрт қауіпсіздігінің кезекті бұрышы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар өрттің салдарын көрнекі түрде тамашалады. Көрмеде өртенген тұрмыстық құрылғылар, зақымданған газ баллондары, өрттен бүлінген электр жабдықтары секілді нақты оқиғалар орнынан алынған заттар ұсынылды.

Сондай-ақ, мамандар балаларға әртүрлі өрт сөндіргіш түрлерін көрсетіп, олардың жұмыс істеу принципін түсіндірді және оларды дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулық өткізді.

Іс-шараның маңызды бөлігі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйрету болды.

Қорытындылай келе, қауіпсіздік – бұл жай ғана теория емес, күнделікті өмірдің маңызды бөлігі екенін атап өткіміз келеді.

 

Қарағанды облысы ТЖД