Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

Қарағандылық құтқарушылар қан тапсыруға белсене қатысты

Бүгін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері игі іс жасап, қан тапсыру акциясына қатысты. Бұл қайырымдылық шарасы – донор болу ғана емес, адам өмірін құтқаруға қосқан маңызды үлес. Акцияға қатысуға ниет білдіргендер аз болған жоқ – бұл олардың қайырымдылық пен жауапкершілікті жоғары қоятынын тағы бір мәрте көрсетті.

Қан тапсыру – әрбір адамның азаматтық парызы, ал біз үшін – жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.

Әр тамшы қан – үміт, әр берілген үлес – жаңа өмірдің бастамасы!